Сәрсенбі, Наурыз 3, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Біздікілер идеямызды түсінбейді»: Әйгілі Amazon компаниясында жұмыс істеп жүрген қазақ қызы

Қараша 14, 2020
Технологиялар, Басты жаңалықтар, Қазақстан
«Біздікілер идеямызды түсінбейді»: Әйгілі Amazon компаниясында жұмыс істеп жүрген қазақ қызы

Сурет: Дара Түменбаеваның жеке мұрағатынан

Поделиться на Facebook

ІТ бағытына бет бұрған жас мамандар арасында Facebook, Amazon, Apple, Netflix және Google сынды әлемге әйгілі компанияларда жұмысқа ор­наласуды арман ететіндер көп. Сол жерде көрген-түйгендеріне сүйене отырып жеке жоба ашуға, болашақта адам тұрмысын жеңілдететін тың жаңалық әкелуге ұмтылады. Осындай мақсатты көздеп жүрген отандасымыз Дара Тү­менбаева Испания астанасы Мадридте орналасқан Amazon компаниясының кең­сесінде бағдарлама жасақтаушы болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Түркістан газетіне сілтеме жасап.

Дара Amazon-ға жұ­мысқа кіру үшін сегіз ай уақыт кеткенін жасырмады. Сұх­баттасу процесінің өзі екі айға жал­ғасты, дейді ол.

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

«Алдымен телефон арқылы сұхбат­тасасың, кейін онда жұмыс істейтін ІТ маманы берген есепті шешуің керек, келесі кезеңде мінез-құлық психологияңды тексеретін сұрақтар қояды, сосын соңғы шешуші кезеңде бетпе-бет сұқбаттасуға шақырады. Сұқбаттасуға мені Оңтүстік-Шығыс Азия аймағынан тапсырған үміткерлермен бірге Жа­понияға шақырды. Онда бір күннің ішін­де төрт рет сұқбаттасып, нәтижесінде дәл сол жерде Amazon Kindle жобасының ко­ман­дасына қабылданғанымды жеткізді. Сосын Amazon-ның алты қалада орналасқан кең­селерінің ішінен біреуін таңдауымды сұра­ды, Еу­ропадағы нарыққа байланысты Мадрид қаласын таңдадым», – деді қазақ қызы.

Отандасымыз Amazon Kindle-де қандай мін­деттерге жауапты екенін атап өтті.

«Мұнда бағдарлама жасақтаушымын, аны­ғырақ айтсам, Amazon Kindle-дің Android және ІОС операциялық жүйесіне ор­­натылуына жауаптымын. Kindle құры­л­ғысын сатып алғанда, алдымен телефон ар­қылы синхронизация жасауыңыз керек. Қажетті кітаптарыңызды жүктеп алып, тіпті интернетке қоспай-ақ, емін-еркін оқи ала­сыз. Сондай-ақ кітаптарды қайда сақ­таймын деп те бас қатырмайсыз. Жалпы, кітап­құмар адамға Kindle құрылғысы – тап­тырмас құрал», – деді Дара.

Алматы қаласының тумасы бү­гінде өнімді еңбек етіп жатқан жеке командасы бар екенін алға тартты.

«Бұл стартап командам бес адамнан құралған. Мен сол командаға басшылық етемін. Жалпы, еншімде үш жаңа жоба бар. Біріншісі медицинамен байланысты, анам дәрігер болып жұмыс істейтін медициналық орталықта пайдалы жобаны жүзеге асыруға ба­рымызды салып жатырмыз. Сол жоба ар­қылы лор дәрігер өзінің емделушісі туралы түгел мәліметті қағаздардың арасын ақ­тарып жүргенше, компьютер арқылы таба ала­тын болады. Осы бастаманы масштабтау – менің басты армандарымның бірі. Сосын тағы бір арманым – емделушілерге арналған мобильді қосымша құрастыру. Мұнда емделуші туралы барлық мәлімет сақтаулы тұрады. Сосын емделуші медици­налық мекемеге келгенде камераға қарап, сканерлеу арқылы оған қатысты мәліметті бірден экранға шығаратын жоба ойластырудамын.

Ал екінші жобам «50 кездесу» деп аталады. Атал­ған жобаның мақсаты – карьера қуа­лаймын деп жүріп, жеке өмірін ұмыт қал­дырған адамдарды табыстыру. Ағылшын тілін­де Power Couple деген жақсы сөйлем бар, қазақшаға аударсам мағынасын дұрыс жет­кізе алмайтын секілдімін. Бұл өз жұ­мысында жемісті еңбек етіп жүрген ер мен әйел­дің өзара тіл табысуы, қолдау көр­сетуі де­генді білдіреді. Аталмыш жобаны Орта­лық Азия аймағына танытып, сосын ары қарай әлем қолданатындай деңгейге жеткізгім келеді. OK Dara school деген үшін­ші жо­бамда тыңдаушыларға қызықты әрі та­ным­ды, инновацияға қатысы бар дүниелерді үйретемін, өз білгеніммен бөлісемін. Мен секілді ІТ-ға қатты қызы­ғатын қыздарға бағыт-бағдар көрсетемін. Байқап тұрға­ныңыз­дай, мұнда мен коуч, ментор ретінде жұмыс істеймін», – деді ол.

Дара Қазақстанмен байланысты жос­парлары екенін жасырмады.

«Армандаған Amazon-ға кіріп алдым екен деп, артымда қалған адамдарды еш ұмытып кетпеймін. Біле білсеңіз, елде ІТ-ды жаңғақша шағатын та­ланттар өте көп. Шынымды айтсам, мұндай бейімді балаларды басқа жерден көрген емеспін. Дегенмен, олардың көзге түсуге мүмкіндіктері жоқ, шама-шарқы жетіңкіремей жатады. Ал өз қабілетін дұрыс арнаға бағыттаудың жолын білмейтін олар жағымсыз әрекетке әуес болып алады. Бірі азартқа кіріп, ойын ойнайтын жерлерден шықпаса, енді бірі алкогольді ішімдікке құмар болып кетеді. Сол себепті олардың басқа жолға түсіп кетпеуіне жол бермей, қолынан келетін жұмысқа кіргізіп немесе менің стартап жобаларымнан орын тауып беруге тырысып жатырмын.

Қазіргі таңда 18-25 жас аралығындағы жастармен жұмыс істегім келіп жүр. Дегенмен, елде сол талант­тарды жұмылдырып, тың нәрсе жасайын десең, көп жағдайда біздікілер идеямызды түсінбей жатады. Таныстарымның біразы инновациялық идеяларын ортаға салып, таныстырып еді, көпшілігі түсінбей, нәтижесінде демеуші де табылмай, ақы­рында мұхит асып, Америкадан демеуші тауып, сол жерде қабілетін дамытуға мәж­бүр болады. Ал мұны дер кезінде түсінбеген қалталы адамдар қолдау білдірмегеніне бармағын тістеп, өкініп қалады», – деп сөзін қорытындылады әйгілі компанияның қызметкері.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Арқа тұсынан сұққан»: Ақмола облысында әйел өзінің қызын пышақтап тастады

Келесі жаңалық

21 уәденің үшеуін ғана орындады: Билікке өзгертемін деп келген Зеленскийдің өзі өзгеріп кетті ме?

ҰқсасЖаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
392
20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін
Денсаулық

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
14
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
202
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
234
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Қазақстан

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
187
Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров кездесті
Басты жаңалықтар

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров кездесті

Наурыз 2, 2021
2
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
21 уәденің үшеуін ғана орындады: Билікке өзгертемін деп келген Зеленскийдің өзі өзгеріп кетті ме?

21 уәденің үшеуін ғана орындады: Билікке өзгертемін деп келген Зеленскийдің өзі өзгеріп кетті ме?

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
392
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
234
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
202
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Қазақстан

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
187

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
392

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
14

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
202

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
234

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
187

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров кездесті

Наурыз 2, 2021
2
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.