Дүйсенбі, Наурыз 1, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Ең төменгі кепілдендірілген зейнетақы енгізіледі: Ол не үшін қажет?

Қараша 8, 2020
Қазақстандағы зейнетақы, Басты жаңалықтар, Қазақстан
Түркістан облысының тұрғыны «Аскорбин қышқылын» 5 000 теңгеден сатқан

Фото: Батыржан Беспаев

Поделиться на Facebook

Қазақстанда базалық зейнетақының орнына ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыны енгізу жоспарлануда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі зейнетақы жүйесін жаңғырту тұжырымдамасына түзету енгізу шаралары аясында осындай ұсыныс жасады. Одан бөлек, бірқатар өзгеріс те бар, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі зейнетақының көлемі еңбек өтіліне тәуелді Қазіргі уақытта отандық зейнетақы төлемдері үш деңгейден тұрады. Олар: базалық; міндетті; жинақтаушы зейнетақы. Осыған дейін базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей төленген. Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен оны тағайындау әдістемесі өзгерді. Содан бері базалық зейнетақының мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді. Мысалы, зейнеткердің еңбек өтілі 10 жыл, одан кем немесе мүлдем болмаса, оған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы, яғни 17 641 теңге төленеді. Еңбек өтілі 10 жылдан асса, онда әр жылға тағы 2 пайыз қосылады. Осылайша, 33 жыл немесе одан да көп жұмыс істеген азаматтар базалық зейнетақының 100 пайызын – 32 668 теңгені алады.

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Міндетті зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істеген азаматтарға төленеді. Осы ынтымақты зейнетақыны тағайындау кезінде адамның кез келген уақытта алған үш жылдық жалақысының орташа мөлшері ескеріледі. Бүгінде бұл зейнетақының ең төменгі мөлшері – 40 441, ең жоғары мөлшері – 95 841 теңге. Оны толық көлемде алу үшін ерлердің еңбек өтілі 25 жылдан, ал әйелдердің еңбек өтілі 20 жылдан жоғары болуы керек. Осы межеден артық  жұмыс істеген адамға әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі. Ал 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі еңбек өтілі үшін міндетті зейнетақы жарнасы бірыңғай зейнетақы қорынан төленеді. Базалық зейнетақы қалай өзгереді? Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, жақында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін жаңғырту тұжырымдамасын өзгертуге қатысты ұсыныстарды жариялаған. Құжат жобасын халықтың талқысынан өткізу үшін «Ашық НҚА» сайтына шығарыпты. Оған сәйкес, 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемдерін ең төменгі кепілдік берілген зейнетақымен алмастыру қарастырылып отыр.

«Зейнетақының ең төменгі кепілдіктерін беруге қолайлы жағдай жасау мақсатында базалық зейнетақының орнына ең төменгі кепілдік берілген зейнетақы тағайындалады», – делінген құжатта.

Осыған байланысты нақты бірнеше ұсыныс бар: зейнетақы жүйесінде кемінде 5 жыл өтілі бар адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыны белгілеу; зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 5 жыл болған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде базалық зейнетақыны айқындау; 5 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға оның мөлшері 2 пайызға ұлғаяды. базалық зейнетақы тағайындауды алып тастау; базалық зейнетақы алушылар үшін ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыны базалық зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілген зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып есептеу.

Осылайша, зейнетақы жүйесінде еңбек өтіліне басымдық беріліп отыр. Бес жылға дейін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы төленеді. Оны қазіргі жағдаймен алсақ, 22 867 теңге. Бұл ең төменгі кепілдік берілген зейнетақының бастапқы мөлшері болады. Ол бүгінгі базалық зейнетақының минималды көлемінен жоғары болып тұр. Әрине, 2028 жылға қарай инфляция және тағы басқа экономикалық көрсеткіштерге қарай әлеуметтік төлемдердің сомасы да өзгереді. Зейнетақы жүйесін өзгертуге қатысты ұсыныстар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазіргі зейнетақы жүйесін өзгертуге қатысты тағы бірнеше ұсыныс енгізген. Олар: зейнетақы аннуитетінің құнын есептеу үшін базалық негізді қайта қарау; жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар үшін ғана өмір бойы төленетін зейнетақы төлемдерін (зейнетақы аннуитеті) көздейтін шарт жасау міндетін белгілеу; әйелдер зейнетақысының неғұрлым төмен болуының гендерлік проблемасын ішінара шешуге мүмкіндік беретін бірлескен аннуитеттер тетігін енгізу; салымшыға (алушыға) қалауы бойынша зейнеткерлікке «кейін шығу» құқығын беру;

Бұл ретте оған осы кезеңге тағайындалған зейнетақы төлемдері берілмейді және ол жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуды жалғастыра алады. Салымшыға (алушыға) кепілдік берілген кезең қамтамасыз етілетін болады, сол кезде мұрагерлерге бюджет қаражаты есебінен (ынтымақты, базалық зейнетақы), сол сияқты жинақтаушы зейнетақы төлемдері де беріледі. зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымдарынан төленетін төлемдер мөлшеріне ұқсас БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері, яғни республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде белгілеу; 2020 жылы ең төмен зейнетақы мөлшері 38 636 теңгені құрайды.

Министрлік мамандары осының арқасында зейнетақы төлемдерінің (ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақы) жиынтық мөлшері ұлғаяды деп санайды. Одан бөлек, азаматтардың барлық санаты үшін зейнетақы жинағының қазіргі құнының коэффициенттерін қайта қарау ұсынылып отыр. Бұл ретте, қауіпті өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер үшін, сонымен қатар 1 және 2 топтағы мүгедектер үшін (жынысы бойынша бөле отырып) зейнетақы жинағының қазіргі құнының жекелеген коэффициенттерін енгізу ұсынылады. Себебі олардың өмір сүру ұзақтығы әртүрлі. Еске сала кетсек, бұған дейін президент халыққа жолдауында қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін 2021 жылдан бастап пайдалана алатынын айтқан еді. Сонымен қатар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағынан алынған ақшаның қолма-қол берілмейтінін хабарлады.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Алматыда полиция қызмет көрсетіп жатқан 13 жезөкшенің үстінен түсті (видео)

Келесі жаңалық

UFC жекпе-жегінде спортшының құлағы жұлынып қалды (видео)

ҰқсасЖаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін
Басты жаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
66
«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды
Әлем

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
9
Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді
Әлем

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
72
Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті
Басты жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
4
Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды
Басты жаңалықтар

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
5
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Алексей Цой: Дәрігерлердің орташа жалақысы 2023 жылы 561 000 теңгені құрайды

Наурыз 1, 2021
16
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
UFC жекпе-жегінде спортшының құлағы жұлынып қалды (видео)

UFC жекпе-жегінде спортшының құлағы жұлынып қалды (видео)

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
445
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
380
Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.8k
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
66

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
9

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
72

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 2021
104

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
4

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
5
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.