Дүйсенбі, Наурыз 8, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы қандастарға берілген үй туралы: Мал да тұрмайды

Қазан 27, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Сенатор Мұрат Бақтиярұлы қандастарға берілген үй туралы: Мал да тұрмайды

Сурет: https://ult.kz/ сайтынан

Поделиться на Facebook

Ақмола облысындағы Красный Яр ауылында қандастар үшін салынған «Нұрлы көш» шағын ауданының проблемасы ұлттық комиссияның қарауына шығарылады. Осылайша, 11 жылдық тарихы бар проблема шешілуі керек. Бұл туралы Отандастар қорының жанындағы қоғамдық комиссияның отырысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

«Былтыр бір топ сенатор сол ауылды барып көрдік. Шынымен де, көше тартылған, электр қуаты берілген. Ол жағынан бәрі жақсы. 276 үй салынған. Бірақ әңгіме сол үйдің сапасында болып тұр», – дейді Бақтиярұлы.

Оның айтуынша, ауылдағы әрбір үйді салуға бюджеттен 56 мың доллар бөлінген. Алайда құрылыстың сапасы сын көтермейді.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

«Мен бес үйді көріп шықтым. Қабырғасын гипсокартонмен салған. Төбесі өте жұқа. Фундамент те жоқ. Қыста қандастарымыздың барлығы туған-туысын жағалап кетеді екен. Ондай үйге ақша төлеу үшін жағдай болуы керек қой. Өзім бір тиын да төлемейтін едім. Кешірім сұраймын, біздің оңтүстік жақта ондай үйлерде мал да тұрмайды. Ал олар адам ғой, өз бауырларымыз», – деп ашынды Бақтиярұлы.

Бүгінде «Нұрлы көштің» үйлері қандастарымызға жалға беріліп отыр. Бірақ олар ақысын төлемейді, себебі жағдай жасалмаған. Жерді меншікке берсе, сапалы үйді өзіміз салып аламыз деп отыр.

«Сондықтан бұл мәселені шешудің бір ғана жолы бар. Ол – барлық жер учаскесін жекеменшікке беру. Бұл шешілетін дүние ғой. Премьер-министр бұл мәселені ұлттық комиссияның қарауына шығарамыз деді. Өйткені қарызын кешіріп, жерді жекеменшікке бермесе болмайды. Үкімет басшысы айтса, шешілуі керек қой. Жерді заңдастырып береді. Ал қарыздарын кешіруі мүмкін», – дейді сенатор.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев барлық үйдің сапасыз салынғанын растады. Жергілікті билік жерді жекеменшікке беруге қарсы емес.

«Мен осы қызметке наурыз айында тағайындалғанмын. Ол жерге бардым, үйлерді көрдім. Иә, сапасы төмен. Үйлерді құмнан жасалған кірпішпен салыпты. Ондай материал суық тартады. Қазір ол жерлерді жекеменшікке беретін болсақ, облыстық бюджет те ақша үнемдейтін еді. Өйткені жыл сайын жөндеу жұмыстарына қыруар қаржы кетеді», – деді Тәткеев.

«Нұрлы көш» шағын ауданының тарихы

2009 жылы Ақмола облысы Красный Яр ауылында «Нұрлы көш» бағдарламасымен 138 екі пәтерлі тұрғын үйлер салынған болатын. Оған республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінді. Құрылысқа тапсырыс беруші – «Сарыарқа» компаниясының еншілес кәсіпорны. Ал құрылыс жұмыстарын «Көкшетау өндіріс» компаниясы атқарған.

Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 281 миллион теңге бөлінген. Ол ақшаға электр желілері тартылып, үйлерге жеңіл жөндеу жұмыстары жасалды. Спорт алаңы салынып, жол жөнделді.

«Тұрғын үйлер үш жақты келісімшартпен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы қандастарымызға таратылды. Олар пәтер құнының 50 процентін депозитте жинауы тиіс еді. Одан кейін үйді 4,5 проценттік мөлшерлемемен сатып алуға мүмкіндік берілді. Алайда көптеген салымшы шарт талаптарын орындамады», – дейді Малғаждар Тәткеев.

2011 жылы «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының балансында болған үйлерді Көкшетау әкімдігіне ауыстырып, жалға берілетін баспананың санатына қосты. Бір шаршы метрін жалға алу құны – 88 теңге. Сонда бір үйдің айлық төлемақысы 6 866 теңгені құрайды. Бірақ оны бірде-бір адам төлемеген. Себебі барлығы құрылыстың сапасына наразы.

«Қазіргі кезде «Нұрлы көш» шағын ауданында 1 057 адам тұрып жатыр. Оның 427-сі жұмыс істейді. 64 адам сәби күтімі бойынша демалысқа шыққан. Бұдан бөлек, 39 зейнеткер, 191 мектеп жасына дейінгі бала, 220 мектеп жасындағы бала, 50 студент пен 6 мүгедек бар», – дейді Тәткеев.

Отандастар қорының жанындағы қоғамдық комиссияның бүгінгі отырысына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері де қатысты. Олардың айтуынша, «Нұрлы көш» шағын ауданында қоғамдық тәртіп дұрыс бақыланбайды. Соның салдарынан қылмыс көбейген.

«Балабақша саламыз деген. Ол жоқ. Өткенде жарық та болмады. Осы күзде өлім-жітім көбейді. 13 жастағы қыз баланы өлтіріп кетті. 11 жасар баланы көшеге асып кеткен. Ол жерде не бейнебақылау, не жарық жоқ. Жағдай жасалмаған», – дейді олар.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Карантин кезінде әйелім асырады»: Алмат Сақатов індет кезіндегі қиындықтары туралы

Келесі жаңалық

Kaspi.kz шоттағы «ақшаның жоғалуына» қатысты пікір білдірді

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
64
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
59
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
151
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
76
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
5
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
255
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Kaspi.kz шоттағы «ақшаның жоғалуына» қатысты пікір білдірді

Kaspi.kz шоттағы "ақшаның жоғалуына" қатысты пікір білдірді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды
Қылмыс

Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды

Ақпан 3, 2021
4.5k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
151
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
76
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
64

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
64

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
59

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
151

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
76

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
61

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
5
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.