АҚШ-тың Джорджия штатында 21 жастағы үйі жоқ келіншек жұмысқа тұрған кезде қатты қуанғаны соншалық, шаттықтан билеп жібереді. Бұл сәт бейнакамераға жазылып қалып, ару желі жұлдызына айналған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
Жұмысқа орналасқанын білген 21 жастағы үйі жоқ бойжеткен Каджалла Джонс автотұрақта билеуге кіріседі. Бұл жайттың видеосы ғаламторға тарап, Джорджия штатындағы Атланта қаласында тұртаны ару желі жұлдызына айналған. Джонс екі жылдан бері үйсіз жүр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
CBS телеарнасының хабарлауынша, бойжеткен пандемия салдарынан бірнеше рет жұмысынан айырылып, қиын жағдайға түскен. Дакар мейрамханасының иесі Спенс Каджалланы жұмысқа қабылдап, бүгінде 21 жастағы ару онда даяшы болып жұмыс істейді.
Instagram желісінде видео 1,2 миллион қаралым жинаса, тағы 1,5 миллион қаралым TikTok пен Twitter-де жиналған. Журналист Джейми Кеннеди Каджалламен және оның жұмыс берушісімен сұхбаттасып, бойжеткеннен танымал биін орындап беруді сұрады.