Семей көшелерінде құны 18 млн теңге тұратын қоғамдық екі әжетхана пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, аталмыш екі әжетхана адамдар көп жүретін қоғамдық орындарға қойылады. Олар ақылы болады, өйткені заманауи үлгіде салынбақ. Жылу жүйесі болады, яғни қысы-жазы қолданысқа жарамды. Бірақ әзірге бағасы белгісіз.
Айта кету керек, қала аумағында әзірге бір ғана тегін әжетхана бар. Оның өзі Ертіс өзенінің жағасында тұр.
«Бұл жобалар жуық арада павильон түрінде жүзеге асуы мүмкін. Мұнда дәретхана және қызметшілерге арналған екі есік болады. Әжетханалардың оң және сол бөлігі мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін арнайы сантехникамен жарақтанған», – Асан Дүйсенбаев, қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі.