Елдің көптеген аумағында ауа ағыны әсерінен қар жауады. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.