Бейсенбі, Ақпан 25, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Жан дауысым шықты»: Қостанайда супермаркеттен алған пакетте жарқанат жүрген

Қыркүйек 10, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
«Жан дауысым шықты»: Қостанайда супермаркеттен алған пакетте жарқанат жүрген
Поделиться на Facebook

Қостанай қаласының тұрғыны 6 қыркүйек күні супермаркеттен пакетке салынған салат жапыраған сатып алған. Ал таңертең балаларына арнап сэндвич жасай бастағанда, таңғажайып жағдайға тап болады. Салат жапырағы салынған пакет ішінен тірі жарқанат шыққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі өңірлік «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап.

«Кешке пакетті тоңазытқышқа салғанмын. Таңертең жапырақтың бір бөлігін алып, алаңсыз жуа бастадым. Кенет қандай да бір сықырлаған дыбыс естідім. Пакет шығар деп ойлап, оралған пакетті жазып қарасам жапырақ отырғызылған құтының жанында тірі тіршілік иесі тұр. Жан дауысымның шыққанынан шошып кеткен күйеуім оның жарқанат екенін айтты», – дейді Ирина Вишненко.

Ол қорқыныштан әлі де ес жия алмай жүргенін айтады.

Қазақстанда күн қайта жылынады

Бір топ адам Еуропарламенттен Қазақстан билігіне санкция салуды сұрамақ

«Бір атап өтерлігі, жарқанат қолымнан тістеген жоқ. Оның үстіне көп жағдайда тоғыз жасар қызымыз салат жапырағын өзі алып, дайындап жатады. Сол кезде шыға келсе не болар еді?» – деп таңданады Ирина.

Ерлі-зайыптылар мән-жайды анықтау үшін дүкенге барған.

«Дүкен әкімшілігі жарқанаттың пакет ішіне қоймада түсуі мүмкін екенін айтқан соң, басқа да пакеттерді қайта қарап шығу үшін және қауіпті жарқанатты талапқа сай жою үшін алған затымызды дүкенге кері қайтардық. Өйткені, ол ауру тасымалдаушы болуы мүмкін. Солай бола тұра, бізден кешірім сұраған ешкім жоқ. Тіпті, ақшаны қайтарып беруді де ұсынбады. Мен бұл жағдайға кім кінәлі екенін білмеймін, бірақ енді қайталанбаса деймін», – дейді Ирина.

Кейінірек жергілікті БАҚ өкілдері ресми түсініктеме алу үшін супермаркет әкімшісі Темірлан Нысанбаевқа хабарласқан. Ол республикалық дүкендер желісінің бас кеңсесіне хат жазуға кеңес берген. Оның пікірінше, бұл жерде жауапкершілік тауарды өндірушіге жүктеледі. Ал өндіруші Евгений Ионин (Свердлов облысы, Ресей) мұндай пікірмен мүлдем келіспейді.

«Бұл пакет дүкенге жеткенге дейін қаншама қолдан өтеді. Сондай-ақ, ол қалай тасымалданып, қалай сақталды – мен білмеймін. Пакеттің аузы ашық болғандықтан, жарқанат кез-келген қоймада кіріп кетуі мүмкін. Мәселен, біз тауарымызды жөнелтер алдында мұқият тексереміз. Сол сияқты дүкен иелері де тексеріп қабылдауға міндетті деп санаймын», – дейді Евгений Ионин.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Белгілі композитор: Қазақстанда төсек арқылы әншілікке келетіндер көп, маған да төсек ұсынған әншілер бар

Келесі жаңалық

49 мың долларға пластикалық ота жасатқан ару танымастай өзгерді

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстанда күн қайта жылынады
Қазақстан

Қазақстанда күн қайта жылынады

Ақпан 24, 2021
260
Бір топ адам Еуропарламенттен Қазақстан билігіне санкция салуды сұрамақ
Әлем

Бір топ адам Еуропарламенттен Қазақстан билігіне санкция салуды сұрамақ

Ақпан 24, 2021
17
Жасөспірім қыз өзін туған әкесі зорлап келгенін айтып шағымданды
Қазақстан

Ақтөбеде 41 жастағы еркек оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті

Ақпан 24, 2021
260
433 млн теңгеге салынған мектеп құлайын деп тұр
Бейне

433 млн теңгеге салынған мектеп құлайын деп тұр

Ақпан 24, 2021
66
Мұғалімдер көбірек жалақы алу үшін қылмыстық кодексті бұзуға дайын
Білім

Мұғалімдер көбірек жалақы алу үшін қылмыстық кодексті бұзуға дайын

Ақпан 24, 2021
2
Ақтүтек боранда жол көрсеткен полицей 15 адамды өрттен құтқарды
Басты жаңалықтар

Ақтүтек боранда жол көрсеткен полицей 15 адамды өрттен құтқарды

Ақпан 24, 2021
2
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
49 мың долларға пластикалық ота жасатқан ару танымастай өзгерді

49 мың долларға пластикалық ота жасатқан ару танымастай өзгерді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Қазақстандағы ең үлкен зейнетақы белгілі болды

Ақпан 24, 2021
266
Қазақстанда күн қайта жылынады
Қазақстан

Қазақстанда күн қайта жылынады

Ақпан 24, 2021
260
Жасөспірім қыз өзін туған әкесі зорлап келгенін айтып шағымданды
Қазақстан

Ақтөбеде 41 жастағы еркек оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті

Ақпан 24, 2021
260
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
5.5k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда күн қайта жылынады

Ақпан 24, 2021
260

Бір топ адам Еуропарламенттен Қазақстан билігіне санкция салуды сұрамақ

Ақпан 24, 2021
17

Ақтөбеде 41 жастағы еркек оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті

Ақпан 24, 2021
260

433 млн теңгеге салынған мектеп құлайын деп тұр

Ақпан 24, 2021
66

Мұғалімдер көбірек жалақы алу үшін қылмыстық кодексті бұзуға дайын

Ақпан 24, 2021
2

Ақтүтек боранда жол көрсеткен полицей 15 адамды өрттен құтқарды

Ақпан 24, 2021
2
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.