Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай бас қосты. Әнші жігіт ақ құсын қолына қондырды. Ақеркенің ұзату тойы Атырау қаласында өтті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Жақында ғана Ақерке Бүркітбай сүйіктісінің үйленугеұсыныс жасағанын мәлімдеген болатын. Ол болашақ жарының Әли Оқапов екенін айтпаса да, көпшілік іштен сезді. Енді ұзату тойының суреттері жария болды.
Роза Қуанышқызы ресми түрде құдағи атанды.
Бұл туралы Ревю арнасы желідегі парақшасында хабарлады. Ақеркенің ұзату тойы Атырау қаласында дүркіреп өтті.