Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚР денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевті ұстағанын растайды», – делінген хабарламада.
Тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.