Қытайда саудасы үшін сотталған жазасын өтеуші 17 жыл бойы үңгірде жасырынып келген, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қытайда 17 жылдан кейін табылған қашқын – Сун Цзян есімді бұрынғы полицей. Ол әйелдер мен балалар саудасы үшін бас бостандығынан айырылған. Алайда 2002 жылы түрмеден қашып кетіп, осы уақытқа дейін жалғыз өзі туған қаласынан алыс емес таудағы үңгірде өмір сүрген.
Қашқынның қайда жүргенін ұшқышсыз басқарылатын құрылғының көмегімен анықтау мүмкін болды. Полицейлер әуеден түсірілген суреттерден үңгірдің үстіндегі көк түсті болат шатырды байқапты. Сонымен қатар, сол маңда қоқыс жатқаны көрінген.
Полицейлер ер адамды үңгірде жасырынып жатқан жерінен ұстады. Полиция мәліметінше, Сун Цзян ұзақ уақыт жалғыз өмір сүргендіктен, орган қызметкерлерімен әрең тілдесіп, нәтижесінде ер адам қайтадан түрмеге тоғытылды.