Дүйсенбі, Наурыз 1, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Белгілі адвокат педофилдер үшін өлім жазасын енгізуге қарсы шықты

Шілде 27, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Белгілі адвокат педофилдер үшін өлім жазасын енгізуге қарсы шықты

Сурет: https://abai.kz/

Поделиться на Facebook

Танымал адвокат, заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желідегі парақшасында педофилияға қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Кешелі-бері бірнеше журналистке педофилияға қатысты сұқбат бердім.  Уақыт тығыздығына байланысты ауызша айттым да әдеттегіше айтқаным қағаз бетіне қалай түскенін тексеріп жатуға мүмкіндігім болмады. Қазірде ұшақ ішіндегі аз уақытымды ұтымды пайдаланып, өз ойларымды қысқа-нұсқа нақтылай кетейін. Ең негізгі сұрақ өлім жазасын енгізуге қатысты; қарсымын, себеп: ҚР құқық қорғау жүйесі, оның ішінде сот қызметінің сапасы сын көтермейді, соның салдарынан жазықсыз адамдар істі болу қаупі өте жоғары, оған себеп;

а) қылмыстың бәрі айқын (очевидный) сипатқа ие бола бермейді, тиісінше резонансты істерді қалайда ашу мақсатында ҚҚ органдары іске қатысы жоқ адамды құрбан ете салуы мүмкін. Және оған олар саналы түрде барады. Әдетте, ондай адамдар (құрбан/жертва) не қаржысы, не ықпалды танысы (тірегі), тиісінше сұрауы жоқ қарапайым отбасы мүшелерінен таңдалып алынады. Ал сотымыз алдына келгенді соттай салатынына күмәніңіз болмасын!

ә) қателік. Тергеуде де, сотта да адами фактор әсері тым жоғары. Сот қателігі – жемқорлық пен дилетантизм батпағында қайраңдаған ҚР тұрмақ, небір дамыған елдерде де орын алуда, оған тарихтан мысал жетеді. б) кәсібиліктің төмендігі/жоқтығы. Басқа саланы білмесем де, ҚҚ жүйесінде дилетанттар жетіп артылады! Оның үстіне соңғы кезде жаппай орын алған, заңгер мамандығына кез келген жерде, кез келген ЖОО-да дайындай беру де бүгіндері өз жемісін беруде… байыптылық керек. Жалпы адам тағдыры таразыға салынар тұста, дүрмекке еруге, эмоцияға бой алдыруға болмайды. Құқық ғылымы адамзат тарихындағы ең алғашқы ғылымдар қатарына жатады. Ол одан бері дамыды, жетілді, кемелденді. Сондықтан заңға өзгеріс енгізуде ең бірінші кезекте ғылыми негіздеме басшылыққа алынуы тиіс! қылмыс табиғаты. Қылмыс адамзат жаралғалы пайда болған құбылыс, қияметке дейін жалғасады деп ойлаймын. Азаюы, көбеюі мүмкін бірақ біржола жойылмайды-ау. Құранда да, Библияда да Адам ата мен Хауа анадан туған ағайынды Әбіл мен Қабыл бір-бірін өлтіреді емес пе?! Сондықтан ату жазасы енгізілсе қылмыс тоқтап қалады деудің қисыны жоқ. қылмыскер табиғаты. Әдетте қылмыскер қылмыстық кодексті ашып “мен ұсталып қалсам, қандай жаза күтіп тұр, одан қалай құтыламын” деп отырмайды.

Барлық қылмыскерге тән ортақ нәрсе өздерін ешқашан ұстатпайтын Фантомас сезінетіндері. Әйтпесе, қазіргі өзгеріс бойынша ең кемі 10 жыл айрықша (особый) режимге сотталу + кастрацияға ешқайсысы қуана қоймасы анық. статистика. Мен педофилия елде көбейіп кетті деген пікірмен әзірге келіспеймін, себебі еш жерден нақты дәлел-дәйек көре қоймадым. 21 ғасыр ақпарат заманы, бұрын естіле бермейтін жаманат хабар, қазір сәуле жылдамдығынан тез таралады.  педофил, ол бірінші кезекте ауру адам, сосын барып қылмыскер! Сондықтан кез келген ауруды емдегендей оны емдеп, сосын жазасын беру керек, оның ішіне әрине кастрация да кіреді.  – гуманизм. Ол жайлы айтпай тұра тұрайын әзірге», – деді Абзал Құспан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Заңгер ойын қорытындылай келе көп балалы ата-ана ретінде Сәтпаев тұрғындарын толық қолдайтынын жеткізді. Оның сөзінше, қиратса да, бүлдірсе де мүлік – адам өмірі, адам тағдырынан жоғары болмау керек. Еске сала кетсек, 23 шілде күні түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейін бөтен пәтерден табылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен. Ал 24 шілде күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтпаев қаласындағы жағдайға байланысты түсініктеме берген болатын.

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Ақша табуға рұқсат бермейді»: Шымкентте қолға түскен жезөкше наразылық танытты

Келесі жаңалық

Сәтбаевта 5 жасар қызды ұрлаған күдікті екі айға қамауға алынды

ҰқсасЖаңалықтар

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады
Қазақстан

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Ақпан 28, 2021
39
Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады
Қазақстан

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Ақпан 28, 2021
53
Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті
Басты жаңалықтар

Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті

Ақпан 28, 2021
164
Кейуана 2 жасар немересін асқан айуандықпен өлтірді
Басты жаңалықтар

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
236
«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста
Басты жаңалықтар

«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста

Ақпан 28, 2021
10
Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
401
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Сәтбаевта 5 жасар қызды ұрлаған күдікті екі айға қамауға алынды

Сәтбаевта 5 жасар қызды ұрлаған күдікті екі айға қамауға алынды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
401
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
335
Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.7k
Кейуана 2 жасар немересін асқан айуандықпен өлтірді
Басты жаңалықтар

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
236

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Ақпан 28, 2021
39

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Ақпан 28, 2021
53

Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті

Ақпан 28, 2021
164

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
236

«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста

Ақпан 28, 2021
10

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
335
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.