Жұма, Наурыз 5, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

25 жастағы қазақ қызы 5 жетім баланы асырап алды

Шілде 19, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
25 жастағы қазақ қызы 5 жетім баланы асырап алды
Поделиться на Facebook

Жамбыл облысы Талас ауданының тумасы Алтынай Тапелова бүгінде бес баланы асырап алып, бауырына басып отыр. 25 жасында ару мұндай қадамға баруына не түрткі болғанын айтып берді деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Айқын газетіне сілтеме жасап.

Алтынай Тапелова қазіргі уақытта аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

«Өзім Сарысу ауданы Жайлыма ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келгенмін. Бес ағайындының үлкені болсам, артымнан ерген төрт інім бар. Әкем Бекбота өмір жолын ұстаздыққа, бала тәрбиесіне арнаған жан. Анам Күнімай Исабаева болса, бүгінде Талас ауданындағы «Мирас» балабақшасында еңбек етуде. Бір сөзбен айтқанда, біздің отбасымыз бала тағдырымен тығыз байланысты. Сол себепті Тараз мемлекеттік педагогикалық университетін тәмамдағаннан кейін еңбек жолымды Жуалы ауданы Қарабастау ауылындағы мектепте ұстаздық етуден бастадым. Кейіннен Талас аудандық білім бөліміне ауысып, бала құқығын қорғау жөніндегі маман болдым. Осында жүріп өмірімдегі ең маңызды оқиға – бүгінгі бес перзентіммен қауыштым», – деп сөзін бастады ару.

Жамбыл облысының тұрғыны осындай маңызды қадам жасауына не түрткі болғанын айтуды ұмытпады.

«2016 жылы Меркі ауданынан бес баласынан бас тартқан ана туралы ақпарат жетіп, оларды Талас ауданындағы нағашылары бауырына басқанын естідім. Бірақ шамамен төрт ай өткенде нағашылары бізге хабарласып, балаларды асырау қиынға соғып жатқанын, сол себепті оларды балалар үйіне өткізуге ниетті екенін жеткізді. Құжаттары алдыма келгеннен кейін қазан айында аталған мекенжайға бардым. Таласта сол жылы қар ерте түсіп, ызғар бетті қаритындай болып тұрған. Барсам, бес бала бір бөлмеде бүрсең қағып отыр екен. Нағашыларының тұрмысы төмендігі соншалық, балаларға не күздік, не қыстық киім алып бере алмапты. Содан бесеуін де жетектеп үйге алып келдім. Ең кішісі Іңкәр ол кезде небәрі 3 жаста болатын. Балалар мойнымнан құшақтап, бойымнан аналық сезімді қалай оятқанын өзім де түсінбей қалдым.

Әкем мен анам балаларды жылы қабылдап, көршілердің көмегімен қажетті киім-кешек алып бердік. Алайда белгіленген талап бойынша үш күннен кейін балаларды Тараз қаласындағы балалар үйіне өткізуге алып келдім. Бірақ шынымды айтайын, босағадан аттап, балалар үйіне кіре алмадым. Көлікте көтеріңкі көңілмен келе жатқан бесеуінің де балалар үйін көргенде түрлері бұзылып, үнсіз отырып қалды. Содан сол күні «құжаттары дұрыс болмай қалды» деген желеумен балаларды қайта үйге алып келдім», – деді Талас аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.

Алтынай Тапелова комиссияға бала асырап алу туралы өтініш жазған уақытта қарсы келгендер болғанын жоққа шығармады.

«Біреулер әлі жас екенімді айтса, енді бірі бұлай өз өмірімді құртатыным туралы кеңес берді. Бірақ ештеңеге қарамастан, 10 күн ішінде құжаттарды рәсімдеп, балаларды патронаттық тәрбиеге алу туралы рұқсатнама қағазға қол жеткіздім», – деді ол.

Жамбыл облысының тұрғыны бес баласының қазіргі жағдайына тоқталып өтті.

«Үлкенім Дильназ биыл мектеп бітірді. Қасымда болсын деп, Қаратау қаласындағы ТарМУ-дың колледжіне түсірдім. Досжан – 12 жаста. Ернат 11-де болса, Нұрдәулет 9 жасқа толып отыр. Кенжем Іңкәр – 8 жаста. Барлығы Талас ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте оқиды», – деді ару.

Ол балаларына мемлекет тарапынан қандай көмек болып жатқанын да айтып өтті.

«Бастапқыда әкем кезекке тұрып алған үйін бізге берген болатын. Алайда өткен жылы екі балама Қаратау қаласынан екі бөлмелі пәтер берді. Қазір сонда тұрып жатырмыз. Тағы екі баламды Тараз қаласында үй кезегіне қойып қойдым. Олардың келешегін ойлап, осындай шешім­ге бардым. Мемлекет тарапынан әр балаға 10 АЕК көлемінде жәрдем­ақы төленеді. Одан бөлек, қол ұшын созып отырған әке-шешем бар.

Бірақ шынымды айтсам, ата-анаң­нан көмек сұрай бергенге ұялып, бір кездері Тараз қаласында ыдыс-аяқ жуып, табыс тапқан күндерім де болған. Балаларымды ешкімнен кем қылмас үшін демалыс күн­дері облыс орта­лығына келіп, кафелерден аз-маз тиын тауып, соны балаларыма жеткізгенше асығатынмын. Қа­зір Құдайға шүкір, табысымыз жеткілікті . «Әр баланың өз нәсібі бар» деген рас екен. Алланың берген ризығын бөлісіп, күн көріп отырмыз», – деді Талас аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.

Алтынай Тапелова тұрмысқа шығу туралы көп сөз қозғалатынын жеткізді.

«Өмірім бұлай болады деп ойламағанмын. Алайда Алланың жазуымен осы жолға түстім. Бұ­рын қызмет қуып, мансабымды көтергім келетін. Бірақ Жарат­қан маған осы бес баламды жолық­тырып, өмірдің шынайы бақытын сездірді. Сол себепті бұл таңдауым үшін еш өкінбеймін.

Тұрмыс құру мәселесіне келер болсақ, сөз айтып келген жігіттер көп болды. Бірақ олар менің балаларымды қалай қабылдайды деп қорықтым. Бес перзентім әке мейірімін көрмей өскен жандар. Сондықтан олардың жүрегіне ауыртпалық салмау үшін жеке бақытымнан бас тарттым», – деді жамбылдық ару.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Осы уақытқа дейін ауырсам, мен ауыратын едім»: Автобуста маска тақпай қойған ер адам жұртты ашуландырды

Келесі жаңалық

Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзарту ұсынылды

ҰқсасЖаңалықтар

Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяққа 4 млн теңге берген
Басты жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
159
Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді
Әлем

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Наурыз 4, 2021
81
Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды
Қазақстан

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Наурыз 4, 2021
19
«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды
Қазақстан

«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды

Наурыз 4, 2021
13
АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды
Әлем

АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды

Наурыз 4, 2021
4
Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды
Басты жаңалықтар

Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды

Наурыз 4, 2021
7
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 38 мыңға жуықтады

Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзарту ұсынылды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Жасөспірім қыз өзін туған әкесі зорлап келгенін айтып шағымданды
Басты жаңалықтар

Балқашта полицей 14 жасар қызды асқан айуандықпен зорлап тастады

Наурыз 4, 2021
321
Қыз-келіншектерді сексуалдық құлдыққа тартты деген күдікпен әйелі ұсталды
Басты жаңалықтар

«Дарға асуға дейін барды»: Атыраулық әйел 10 жыл бойы күйеуінен көрген қорлығы туралы айтты

Наурыз 4, 2021
208
Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяққа 4 млн теңге берген
Басты жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
159
Алматы перзентханасында үшінші сәбиін босанып жатқан әйел көз жұмды
Басты жаңалықтар

Алматы перзентханасында үшінші сәбиін босанып жатқан әйел көз жұмды

Наурыз 4, 2021
123

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
159

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Наурыз 4, 2021
81

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Наурыз 4, 2021
19

«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды

Наурыз 4, 2021
13

АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды

Наурыз 4, 2021
4

Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды

Наурыз 4, 2021
7
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.