Сәрсенбі, Қаңтар 20, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Бейне

«Бәріміз өлеміз» деген әнші Кенталды полиция ұстап әкетті

Шілде 14, 2020
Бейне, Қазақстан, Қоғам
«Бәріміз өлеміз» деген әнші Кенталды полиция ұстап әкетті
Поделиться на Facebook

Алматы қалалық полиция департаменті әнші Талғат Кенжеболатовты (Кентал) не үшін ұстағанын түсіндірді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде полиция формасын киген ер адамның видеосы анықталған. Онда автор орыс тілінде «күйзеліске ұшыраған және қиындыққа тап болғандарға» үндеу жолдайды.

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

«Бәріңе сәлем, достар! Кім күйзеліске душар болса, жүрегі ауырса, жұмыста, отбасында қиындықтар туындаған болса… Біреуді несие қинауы мүмкін. Уайымдамаңыз. Бәрібір бәріміз өлеміз», – дейді ол.

Құқық қорғаушылар автордың кім екенін анықтады. Ол әнші және актер Талғат Кенжеболатов (Кентал) болып шықты. Құқық қорғаушылардың айтуынша, видео халықтың полицияға деген наразылығын туғызған. Себебі әлеуметтік желі қолданушыларының көбісі оны шынымен де құқық қорғаушы деп ойлап қалыпты.

«Алматы полициясы бұл видеодағы полиция формасындағы ер адам іс жүзінде ішкі істер органдарының қызметкері емес екенін хабарлайды. Кенжеболатовтың іс-әрекетіне қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі. Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына және қайғылы оқиғаларға байланысты қалыптасқан жағдай аясында әзіл үшін болса да мұндай үндеулер жасауға болмайды, әсіресе полиция формасын қолдануы орынсыз», – дейді полицейлер.

Әнші Кентал өзінің Инстаграмм парақшасында мәселенің мән-жайын түсіндірді. Оның айтуынша, видео төрт жыл бұрын түсірілген. Бірақ құқық қорғаушылар оны енді ғана байқап отыр. Әнші үйіне полиция қызметкерлері келгенін айтты.

«Үйіме екі полиция қызметкері мен қару асынған арнайы жасақтың екі өкілі келді. Мені ұстау хаттамасы болған жоқ. Соған қарамастан, полиция бөлімшесіне бару керек деді. Мен қарсылық білдірген жоқпын. Бірақ жол-жөнекей адвокатыма хабар бердім «, – дейді Кентал.

Оның сөзіне қарағанда, адвокатты бөлімшеге кіргізбеген. Ал криминалдық полиция басшысы Еркін Ілиясұлының кабинетінде психологиялық қысым жасалған.

«Сені отырғызып тастаймыз деген сияқты қорқыту басталды. Сонда мен не істедім? Біреуге тіл тигіздім бе? Митингке немесе көтеріліске үндедім бе? Осыдан төрт жыл бұрын бір видеовайн түсіргенмін. Сол кезде ешкімді ренжітпеген сияқтымын. Енді, ол видео қайта шығып, мені іздей бастады», – деп түсіндірді әнші.

Әнші криминалдық полиция басшысымен келісімге келіпті. Алайда полициядағы тағы бір басшы жауап алып, істі сотқа жолдауға тапсырма берген.

Кенталды ішкі істер бөлімшесінде бес сағаттан астам уақыт ұстаған. Адвокатты екі сағаттан кейін кіргізіпті. Заңгер қылмыстың құрамын сұрағанда полицейлер оған тұщымды жауап бере алмаған көрінеді.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Арасы екі апта: Анасынан айырылған Саят Медеуовтің әкесі қайтыс болды

Келесі жаңалық

Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқиды - Аймағамбетов

ҰқсасЖаңалықтар

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді
Өмір

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
1
Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді
Қылмыс

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Қаңтар 20, 2021
5
Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды
Қылмыс

Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды

Қаңтар 20, 2021
16
Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды
Әлем

Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды

Қаңтар 20, 2021
141
Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық
Қазақстан

Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық

Қаңтар 20, 2021
3
Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?
Әлем

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
253
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқиды – Аймағамбетов

Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқиды - Аймағамбетов

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды
Қазақстан

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды

Қаңтар 19, 2021
570
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
1.7k
Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
4.5k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
867

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
1

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Қаңтар 20, 2021
5

Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды

Қаңтар 20, 2021
16

Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды

Қаңтар 20, 2021
141

Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық

Қаңтар 20, 2021
3

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
253
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.