Әнші Саят Медеуовтің отбасында тағы да қаралы хабар. Жақында ғана анасынан айырылған Саят Медеуовтің әкесі көз жұмды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Саят Медеуовтің әкесі өмірден озды. Бұл туралы Серік Абас-шах хабарлады.
«Саят Медеуов бауырымның анасы бірінші шілдеде көз жұмған-ды. Араға екі апта салып әкесі қайтыс болыпты. Арасы екі ақ апта… Ақсақалдың жүрегін жарға деген аңсау шыдатпаған болар? Бір сөзбен айтсақ – құсалық. Адал махаббат деген әдемі сөз емес, осы ғой… Екеуінің мекендері жұмақ болсын! Ауырмаңыздар! Қасыңыздағы жандардың қадірін біліңіздер! Өмір бір ақ рет беріледі», – деп жазды.
Араға екі апта салып әншінің әкесі дүние салды. Әншіге өнердегі дос-әріптестері мен желідегі оқырмандары қайғыра көңіл айтып жатыр.