Сәрсенбі, Қаңтар 20, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

«Балаларым түсінеді деп ойлаймын»: Елордалық әйел қалай жезөкше болғанын айтты

Шілде 9, 2020
Қазақстан, Қоғам, Оқиға, Өмір
«Балаларым түсінеді деп ойлаймын»: Елордалық әйел қалай жезөкше болғанын айтты
Поделиться на Facebook

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Балжан есімді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жезөкшелік жолды қалай таңдағанын айтып берді. Ол тағдырдың тәлкегіне түсіп, «рэкет» күйеуінен айырылғанын, қол ұлын аяғынан тұрғызу үшін бұл «салаға» амалсыздан келгенін жеткізді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Алаш айнасына сілтеме жасап.

«Сіздерге түсінікті болу үшін бәрін де басынан бастап баяндап берейін. Мен Шығыс Қазақстан облысының бір шалғай ауылының тумасымын. Ата-анама еркелеп өскен қыздың бірімін. Отбасында бес ағайындымыз. Үш ұл, екі қыз. Мен үйдің ең кенжесімін. Сол себепті ерке болып өстім. Тоғызыншы сыныпты бітіріп колледжге оқуға түстім. Көрші ауданның «рэкэт» жігітіне ғашық болдым. Екеуміз бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Төрт бауырым тұрып, мен тұрмысқа шықтым. Ондада аяғым ауырлап қалғанан кейін амалдың жоғынан ата-анам рұқсат берді. Жолдасым екеуміз де жаспыз. Екеуміздің де бір үйдің еркесіміз. Айтқанымыз болмаса, қырсығып шыға келетініміз де бар. Біздің отбасылық өміріміз осылай ырду-дырдумен басталды. Жолдасым ауданның атаманы. Елдің мәселесін шешіп жүреді. Күн ұзаққа ұйықтап, түнде жемтігін іздеген қасқырдай, жорта жөнеледі. Сөйтіп жүргенде дүниеге егіз ұлым келді. Жолдасым қос ұлының қуанышын бір жыл тойлады. Ішімдікке, есірткіге, құмар ойынға да үйір болды. Қалтасы толған мыс-мыс ақша.

Оның айналасына дос та, қыз-қырқын да жиналды. Әйтеуір, бізге қажетіміздің бәрін алып беріп тұрды. Біз соған мәзбіз. Бір күні үйде отырсам, жолдасымның өңі бұзылып асығыс үйге кірді. Кіре салып заттарын жинады. «Мен ұзақ сапарға кетіп барамын. Балаларды ал да, ешкім танымайтын үлкен қалаға кет. Сендердің кайда екендеріңді жан баласы білмесін. Мен тірі болсам сендерді тауып аламын. Мына азын-аулақ ақшаны ал. Балаларым саған аманат» деп еңкілдеп жылады. Мен қанша кетпеймін деп қарсылық көрсеткеніммен болмады. Оның сөзінен түсінгенім, егер біз ауылда қалсақ мені де, балаларымды да тірі қалдырмайтынын айтып әлек болды. Балаларымның амандығы үшін киім-кешегімді жинап бес жасар қос ұлымды жетектеп елордаға қарай бет бұрдым. Бір айдан аса жалдаған пәтерден шықпай жаттық. Жолдасымның берген ақшасы да таусылуға айналды. Амалдың жоқтығынан жұмысқа орналасудың қамына кірістім. Астанада туысым да, танысым да жоқ.

Біз Әмина деген әжейдің бір бөлмесін жалдап тұрдық. Ол кісі қарапайым әрі жайлы еді. Таныстарынан сұрастырып жүріп мені бір фирмаға хатшы етіп жұмысқа да орналастырды. Мен жұмысқа кеткенде балаларыма қарайлап отырады. Ата-анама пойызға мінер алдында «бізді іздемеңдер, алыс сапарға жол жүріп барамыз. Орныққанан кейін өзіміз хабарласамыз» деп айтуға ғана шамам келген еді. Ал, жолдасымның қайда жүргенінен мүлдем бейхабармын. Ол бізді пойызға отырғызды да, өзі басқа бағытқа кеткен еді. Оның соңынан қуғандардың кім екенін де біле алмадым. Осылай өміріміз жалғаса берді. Сөйтіп, жүргенде біз қатты бауыр басып қалған Әмина әжейіміз қайтыс болды. Ол кісінің қыздары біз тұрып жатқан үйді сатты. Біз басқа пәтерге көштік. Әмина әжейдің арқасында жан сақтап жүрген екенбіз. Мені екі баламмен ешкім пәтерге алмады. Сөйтіп, жекеменшік жатаханадан бір бөлме жалдадым. Пәтер ақыға ай сайын алпыс мың теңге санап беремін. Қалған жирма мың теңгені азық-түлікке үнемдеп жеткіземін. Кешкісін еден жуатын жұмыс та таптым. Одан 30 000 теңге ғана аламын. Осылай қиналып жүргенде балаларым мектепке барды. Оларды үйдің маңайындағы мектептің біріне орналастырдым. Олар оқуға барған кезден бастап мен қатты қиналдым. Балаларымды достарынан кем етпейін деп тыраштана бастадым. Қанша еңбектенсем де, ақшам жетер емес.

Өзіме қарауға да шамам келмей кетті. Екі баланың анасы болсам да, өзімнің жасымнан әлдеқайда жас көрінемін. Дене бітімім де, ажарым да адам қызығарлықтай. Еркектердің көзіне бірден көрінетінмін. Қаншама жігіттер кездесуге шақырса да бармайтынмын. Бір күні көрші бөлмеге жас семья көшіп келді. Жүздері жылы, бір көргенен ыстық көрінді. Сұрастыра келе, олар менің жолдасымның ауылдасы болып шықты. Оны естіп жүрегім елең ете қалды. Дереу жолдасымды сұрадым. Ол келіншек біраз үнсіз тұрды да «Ол кісі ауылдың атаманы еді. Апамдардың айтуына қарағанда бір дөкейдің баласын өлтіріп, олар оның ізіне түскен екен. Бір күннің ішінде өзі де, әйел, бала-шағасы да жоқ болып кетті. Көп ұзамай ол кісінің өлі денесін үйіне алып келді. Ал, осы күнге дейін оның әйел, бала-шағасынан мүлдем хабар жоқ екен. Олардың тірі, я өлі екендерін ешкім де білмейді» деп айтты. Оны естіп жүрегім қатты ауырды. Осы кезге дейін жолдасым бізді іздеп тауып алар деп үміттеніп жүрген едім. Ол үмітім де үзілді. Балаларымды аяқтан тік тұрғызу менің аналық борышым. Сондықтан да, оларға жоқшылықты көрсетпеу үшін барлық нәрсеге дайын болдым. Өзім барымды киіп, жоқтан бар жасадым.

Азын-аулақ алған тамақты балаларымның аузына тостым. Бір күні қалтама қарасам ақшам таусылып қалыпты. Бір бөлке нан алып жартысын екі балама бөліп бердім да, өзім аш жаттым. Жоқшылықтың азабын қатты тарттым. Түнде тұрып тағдырдың сынағына налып жылап аламын. Егізімнің бірі қатты аурып дәрі-дәрмек алатын ақша таппай қатты қиналдым. Ана баласы үшін бәріне барады деген тап рас екен. «Ақысын төлеймін, менімен бір түн бол» деп жүрген еркектердің бәріне қоңырау шалдым. Сөйтіп, олар бірінен соң екіншісі кездесуге шақыра бастады. Балаларыма «мамаларың қосымша массаж жасап ақша табады. Сендер тыныш отырыңдар. Есікті ешкімге ашпаңдар» деп айтып кетемін. Екі-үш сағатта жұмысымды бітіріп 30000 теңгені қалтама салып келемін. Қазір менің он клиентім бар. Олармен он күнде бір кездесіп тұрамын. Олар менің көрсеткен қызыметіме дән риза. Кейбір кездері жомарттық танытып екі есе ақша беретіндері де кездеседі. Мен олардан алған ақшамды айтып мақтанбаймын. Себебі, бұл өмірде мен секілді балаларын асырай алмай жүрген жалғызбасты әйелдер қаншама. Мүмкін менің әңгімемді оқып отырған адам «күнін көре алмай жүрсе ауылына қайтпайды ма?» деп сөгер.

Мен олай жасай алмаймын. Себебі, мен қашқынның әйелімін. Сондықтан да ата-ана, туыс-бауырға хабарласуға шамам да жоқ. Ауылға барып қос ұлымнан айрылып қалғым келмейді. Балаларымның әкесі секілді бұзақы болып өскенін қаламаймын. Басымнан өтіп жатқан осы қиыншылығымды жазудың өзі маған қатты ауыр тиді. Менің жан жарамды түсінетін жан жоқ қасымда. Тағдырдың тәлкегімен жесір де қалдым. Жолдасымның жасаған қателігінің салдарынан ата-ана, бауыр, ағайын-туыстан тірідей айрылдым. Басыма салған ауыртпалықтан құтылу үшін жөзекше де болдым. Менің басымнан өткен оқиғамды біреу оқып мені түсінер, ал екінші адам сөгер. Үй алып жағдайымды түзеп алғанан кейін жөзекшелікті бір жолата тастаймын. Балаларым өскенде менің бұл әркетімді естісе түсінер деген ойдамын», – деді Балжан.

Бөлісу6ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Алтынай Жорабаева: Отшашуға ақша бөлген болып, сол ақшаны өздері жеп отыр

Келесі жаңалық

"Күшіміз - бірлікте": Шымкенттік кәсіпкерлер тойханаларын госпитальға айналдыруға дайын

ҰқсасЖаңалықтар

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді
Өмір

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
1
Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді
Қылмыс

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Қаңтар 20, 2021
5
Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды
Қылмыс

Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды

Қаңтар 20, 2021
16
Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды
Әлем

Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды

Қаңтар 20, 2021
141
Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық
Қазақстан

Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық

Қаңтар 20, 2021
3
Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?
Әлем

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
253
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Күшіміз – бірлікте»: Шымкенттік кәсіпкерлер тойханаларын госпитальға айналдыруға дайын

"Күшіміз - бірлікте": Шымкенттік кәсіпкерлер тойханаларын госпитальға айналдыруға дайын

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды
Қазақстан

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды

Қаңтар 19, 2021
570
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
1.7k
Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
4.5k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
867

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
1

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Қаңтар 20, 2021
5

Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды

Қаңтар 20, 2021
16

Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды

Қаңтар 20, 2021
141

Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық

Қаңтар 20, 2021
3

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
253
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.