Дүйсенбі, Сәуір 12, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады

Шілде 8, 2020
Президент, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Өмір, Саясат
Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады
Поделиться на Facebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар!

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түсуде.

Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр.

Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатыр.

Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Сол себепті, бірқатар елдерде  карантин тәртібі қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді.

Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ.

Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілді.

Бұл аса қажетті шешім болды.

Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан, алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ.

Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты.

Бұл  – өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерт.

Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсуде.

Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мәселе бойынша біз тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз.

Дегенмен, мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едәуір көбейді.

Көптеген елдердегі жағдай бізден де қиын.

Дегенмен, «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде.

Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын.

Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді.

Бұл індетті адамзат жуық арада жеңе қоймас.

Алайда, уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсемізді түсіруге тағы да болмайды.

Салмақты, сабырлы болайық!

Біздің жұмысымыз – айқын, қоғам алдында ешнәрсені жасырмай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады.

Бүкіл күш жігерімізді жинап, індетпен күресе беруіміз керек.

Осындай күрделі жағдай кезінде ел арасында көптеген жалған әңгімелер тарауда. Теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды адамдардың әрекеттері орын алуда.

Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жалған ақпаратқа сенетін болды.

Сонымен қатар, тағы бір маңызды мәселе. Дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек. Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды.

Бұндай әрекеттерге тосқауыл қою керек.

Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады.

Құқық қорғау органдары ел ішіндегі осындай жөнсіздікке қатысты қатаң шаралар қолданатын болады.

Сол сияқты дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдары менің тапсырмама сәйкес жауапқа тарта бастады.

Қазір мемлекеттік органдар елді мекендерді қажетті дәрі дәрмекпен толық қамтамасыз етуде. Осыған орай, тиісті қор жасақталған. Төсек орындары да, медициналық қызмет көрсету ісі де  толығымен қамтамасыз етіледі.

Құрметті отандастар!

Біз – талай зобалаң мен сынақты бастан өткерген, тарихтың талай дауылына бой бермеген халықпыз.

Батыр бабалардың жолын жалғаған бүгінгі ұрпақ та қазіргі қиындыққа төтеп береді деп сенемін.

Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар.

Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтерміз.

«Денсаулық – зор байлық» деген халқымыздың дана сөзінің қадірін білейік.

Әр азаматтың амандығы үшін күресейік!

Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін!», – деді Тоқаев үндеуінде.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Қазақ баласы АҚШ-та ана тілінде радиохабар таратпақ

Келесі жаңалық

Әйеліне 12-ші көлігін әперді деген басшы: Бұл тырнақ астынан кір іздеу

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
784
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
749
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
876
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
58
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
360
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Әйеліне 12-ші көлігін әперді деген басшы: Бұл тырнақ астынан кір іздеу

Әйеліне 12-ші көлігін әперді деген басшы: Бұл тырнақ астынан кір іздеу

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k
Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
818
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
360
«Ұл тауып бер»: Қайын атасы жыныстық қатынасқа итермелеген келіншек мұңымен бөлісті
Өмір

«Ұл тауып бер»: Қайын атасы жыныстық қатынасқа итермелеген келіншек мұңымен бөлісті

Қазан 16, 2019
4.4k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
784

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
749

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
876

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
131

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
58
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.