Шымкентте экономикалық тергеу қызметі дәрі ұрлау фактісін әшкерелеп, заңсыз дәрі сатуды тоқтатты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәрі-дәрмекті ешбір рұқсат қағазсыз сатып келген күдіктіден тәркіленген препараттардың арасында пациенттерге тегін берілуі тиіс дәрілер де бар болып шықты.
«Шымкенттік тұрғынның дәрі-дәрмектерді рұқсатсыз сатумен айналысқаны анықталды. Оның қолындағы дәрі-дәрмектің бір бөлігі медициналық мекемелер халыққа тегін таратып беруі тиіс партиядан ұрланғандығы белгілі болды», – делінген хабарламада.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұрланған дәрі-дәрмек көлемі мен мөлшері анықталуда.