Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз жоғарылатқандарды жауапқа тартуға уәде берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Twitter-дегі жазбасында қазақстандықтардың дәріханалардағы бағаға қатысты шағымы орынды екенін айтты.
«Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады», – деді Тоқаев.
Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады.