Сәрсенбі, Қаңтар 20, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Медицина

«Бұрын үйіміз болса деп армандайтын едік, қазір індет бітсе екен деп тілеймін»: Үш ай бойы балаларын көрмеген инфекционист

Шілде 5, 2020
Медицина, Басты жаңалықтар, Денсаулық, Қазақстан, Қоғам, Өмір
«Бұрын үйіміз болса деп армандайтын едік, қазір індет бітсе екен деп тілеймін»: Үш ай бойы балаларын көрмеген инфекционист
Поделиться на Facebook

Инфекционист Ақбота Әбішбаева – үш айдан бері Нұр-Сұлтандағы туберкулез диспансеріндегі коронавирус стационарында індетпен күресіп жатқан дәрігердің бірі. 10, 6 және 2 жасар балаларын үш ай бойы көрмеген. Ақботаның арманы – індетті тезірек жеңіп, балаларымен қауышу. Олар Қызылорда мен Байқоңырдағы әжесі мен нағашы ата-әжесінің қолында анасын сарыла күтіп жүр, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Ақбота Әбішбаева наурызда вирус табылды дегеннен кейін, 20 наурызда тез жиналып, балаларын таксимен Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы енесіне апарып тастаған. Қазір балаларын Байқоңырдағы анасы екеуі кезек-кезек қарап отыр. Қол тигенде олармен WhatsApp арқылы хабарласып тұратынын жеткізді. Ақбота балалары да коронавирус жайлы біліп отырғанын, «Вирус тез бітсінші, астанаға үйге барайықшы» деп жиі айтатынын жеткізді. Сонымен қатар Ақбота 10 жыл инфекционист болып жүргенде мұндай болады деп тіпті, ойламағанын айтады.

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

«Қазір ауырып жатқан адам көп, тубдиспансердегі инфекциялық стационарда орын жоқ. Келіп жатқандарды қабылдай алмай жатырмыз. Маусымнан бастап ауыр халде түсетіндер күрт көбейді. Консилиум жиындары да көп. Ауруханада қайтыс болғандарды да көрдік. 10 жыл инфекционист болып жүргенде мұндай болады деп ойламадық да. Бұл вирус жас, кәрі, бала, қарт деп таңдамайды екен. Адамдар осыны түсінсе деймін. Агитация аз болды», – деген инфекционист адамдар карантин мен сақтық шараларын ұстанса дейді.

«Бізге, дәрігерлерге, ауыр. Шілдеде демалыс аламын ба дегенмін. Бірақ дәрігер жетпей жатыр. Күні бойы арнайы киім, резеңке етікпен жүреміз. Маска, көзілдірік шаршатты. Вирустың ортасында жүргенімізді ойламауға тырысамыз. Психологтар науқастарға да, бізге де онлайн кеңес береді. Күйеуім де астанада әскери қызметте. Күйеуімнің жұмысының жатақханасында бір бөлмеде тұрамыз. Бұрын үйіміз болса деп армандайтын едік. Қазір үй, көлік деген жайына қалды. Қазір індет бітсе екен деп тілеймін. Басқа арманым да жоқ. Осы қиын шақта балаларымның қабағына қарап, барын ауыздарына тосып отырған енем мен анама мың алғыс», – дейді Ақбота Әбішбаева.

Бөлісу117ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Қазақстандықтарға карантинде 75 мың теңгеден берілетіні рас па

Келесі жаңалық

Алмас Кішкенбаев: Семірсек те сүйісетін адам табылады (видео)

ҰқсасЖаңалықтар

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді
Өмір

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
1
Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді
Қылмыс

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Қаңтар 20, 2021
5
Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды
Қылмыс

Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды

Қаңтар 20, 2021
16
Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды
Әлем

Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды

Қаңтар 20, 2021
141
Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық
Қазақстан

Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық

Қаңтар 20, 2021
3
Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?
Әлем

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
253
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Алмас Кішкенбаев: Семірсек те сүйісетін адам табылады (видео)

Алмас Кішкенбаев: Семірсек те сүйісетін адам табылады (видео)

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды
Қазақстан

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды

Қаңтар 19, 2021
570
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
1.7k
Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
4.5k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
867

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
1

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Қаңтар 20, 2021
5

Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды

Қаңтар 20, 2021
16

Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды

Қаңтар 20, 2021
141

Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық

Қаңтар 20, 2021
3

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
253
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.