«Қалаулым» жобасы арқылы қалың көпшілікке танылған ару Жанерке Елшін өз ата-анасының асқақ арманын орындап, оларға зәулім үй сыйлады. Желі жұлдызы сіңлілерімен бірігіп, ата-анасын Павлодар қаласынан Алматыға көшірген, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жанерке Елшін отбасы үшін аса маңызды сәтпен Instagram парақшасында өз оқырмандарымен бөліскен. «Қалаулым» бағдарламасында жолдасын жолықтырған ару ата-анасына үйдің кілтін табыстап жатқан видеосын ел назарына ұсынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Аллаға сансыз шүкір Зәулім сарайдай үйлі болдық. Бұл күнге де жеттік-ау. Ата-анамыз осы уақытқа дейін бізді бағып-қағамыз деп тартқан бейнетінің зейнетін көрсе екен деп әр түн сайын Алладан тілеуші едім. Тілегіміз қабыл болды. «Ананың ақ сүтін Меккеге үш арқалап апарсаң да, ақта алмайсың,» – дейді. Перзенті ата-анасына қанша жақсылық жасаса да, парызын еш өтей алмаймыз. Сондықтан көрер қызықтары алда болсын. Біз Сіздерді әлі Меккеге апарайықшы» , – деп жазды ол.
Сонымен қатар, Жанерке Елшіннің туған сіңлісі Ақмарал да бұл қуанышты жаңалығын көпке жария еткен.
«Алла Тағалама мың да шүкір етеміз. Ата-анамыздың бір арманын орындадық. Павлодардан Алматыға қоныс аударып, ата-анамызға зәулім үй сыйладық. Үйімізде тек құт-береке, бірлік болсын, той болсын. Бәріңізге осындай қуаныш сыйлаймын, құттықтап қойсаңыздар да болады» , – деді желі жұлдызы.