Ресейдің Ленинград облысы Киров ауданында өзбек азаматының басы кесілген мүрдесі табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Хабарларға қарағанда, мүрдені Мга өзенінде суға түсіп жүрген 11 сынып оқушысы байқап, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына келген полиция аяқ-қолы, басы жоқ дененің ер азамат мүрдесі екенін анықтаған.
Полиция денедегі жасанды импланттың серия нөмірі арқылы марқұмның кім екенін анықтаған. Ол – 23 жастағы өзбек азаматы Хатамжонов. Ол өзін трансгендермін деп санаған. Ресейге үш жыл бұрын келген. Сарапшылар оны шамамен үш ай бұрын өлтіріп кеткенін анықтады.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.