Сәрсенбі, Сәуір 14, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Марат Сәрсенбаев: Қазір әйелдер айғыр болып кеткен. Ерін сыйламайды

Маусым 24, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Марат Сәрсенбаев: Қазір әйелдер айғыр болып кеткен. Ерін сыйламайды
Поделиться на Facebook

Халал индустриясы қауымдастығының директоры Марат Сәрсенбаев «әйелдерді ұру керек» деген мұғалімді қолдады. Бұған дейін қолданбалы химия институтының негізін қалаушы Ерлан Сүлейменов «әйелдерді ұруға болады» деген жазбасы үшін желіде сынға қалған еді. Тіпті, осы пікірі үшін жұмысынан қуылыпты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұлу туралы Basty Prime бағдарламасында талқыланды.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Бағдарламада сөз алған Марат Сәрсенбаев Ерлан Сүлейменовтің пікірін қолдады. Оны пікірі үшін жұмыстан қуу – барып тұрған қылмыс деді.

«Мен Ерлан Сүлейменов деген азаматты жеке басым танымаймын. Жалпы Құранда ер мен әйелді татулығы жазылған. Ер әйелін тәрбиелеуі керек. Әйел ерін тыңдау керек. Егер әйелін көнбесе, аздап ұрып алу туралы айтылған. Ерлан соған сүйеніп айтқан шығар. Оны білмедім. Ол қалай десе де өзінің пікірі. Ол үшін жұмыстан қуу дұрыс емес. Әр адам жеке пікірін айта алмай ма? Ол бастауыш сыныбының мұғалімі емес. Балаларды осылай үйретіп жатыр дейтін. Өзі қандай жетістікке жеткен адам. Қанша атағы бар, өзі ғалым, қызы қандай жетістіктерге жеткен. Соның өзінде жұмысынан қуылып отыр», – деді ол.

Бұған әнші Меруерт Түсіпбаева қарсы уәж айтты. Ол Марат Сәрсенбаевтың ойын мүлде қолдамайды.

«Мен сіздің пікіріңізбен мүлде келіспеймін. Ерлан Сүлейменовпен де келіспеймін. Ондай адамның ұрпақ тәрбиеленуіне жол жоқ деп санаймын. Ұрпақ тәрбиесін сұндай адамға сеніп тапсырудың керегі жоқ. Әйелді ұру туралы айтуды өзі насихат. Марат аға секілді осындай бағдарламаға шақырасыздар, оны естіген көрермен әйелді ұру керек екен деп ойлайды. Дінде солай деп айтты дейтін небір есерсоқ еркектер бар. Қанша әйел күйеуінен зардап шегіп отыр. Таяққа көніп жүр, өмірі өмір емес. Күйеуінің таяғынан өліп кеткен қанша әйел бар. Оның бәріне көз жұмып қарауға болмайды. Марат Сәрсенбаевты бұрыннан танимын. Өте фанатизм басым бойында. Фанатизмді жек көрем. Бұл кісі о дүниеге барып, бәрін көріп, қайтадан жерге түскен адам секілді сөйлейді», – деді Түсіпбаева.

Бұл ретте заңгер Бибігүл Нұрашева Ерлан Сүлейменовтің заңға сәйкес, жұмыстан қуылғанын айтады.

«Біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Еңбек кодексіне сәйкес, бұл кісі этика сақтаған жоқ. Ол жұмыс істеп отырған ұйымының атына да кір келтірді», – деді заңгер.

Марат Сәрсенбаев заңгердің сөзіне қарсы шықты.

«Мен ең алдымен Алланың заңына бағынамын. Бұл жерде Алла қателесіп айтқан жоқ қой. Ол мұғалім сол сүрені негізге ала отырып айтқан шығар. Бұл жерде бір адамның пікірі үшін бүкіл еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Ол адамны жеке пікірі бар. Қазір ашық-шашық, жалаңаш, елге, халыққа, үкіметке тіл тигізіп жатқандар бар. Жезөкшелер толып жүр. Арақ ішіп, шылым шегіп, аузына келгенін айтып та, жазып та жатыр. Неге солардың аузын жаппайды? Заң солай болса, неге тосқауыл болмайды? Неге жауапқа тартпайды?. Бір адамның әйел туралы айтқан пікірі үшін қызметінен алып тастайды. Пайғамбар әйелдеріңмен тату тұруға үндейді. Тату тұрыңдар деген.

Мен әйелдерді ұрсын деп жатқан жоқпын. Бірақ Құранда айтылғанын айттым. Кінәнің көбі әйелден болады. Әйелдің тілі жаман болады. Көп әйел тілінен тауып, таяққа жығылады. Әйел жұмыста басшысына қарсы келмейді ғой. Отбасында да еркекке қарсы келмеу керек. Сонда ұрыс-жанжал, ұрып-соғу болмайды. Қазір әйелдер айғыр болып кеткен. Ерін сыйламайды. Балаларын өзі не балабақша тәрбиелейді. Сендердің өздерің қазір жан-жақтан қарсы шығып отырсыңдар. Сендердің өздеріңді ұру керек. Менің де қызым бар. Бірақ ол күйеуге шыққан соң оған ертең күйеуі жауапты болады. Мен жауап бермеймін», – деді Сәрсенбаев.

Бағдарламаға хабарласқан бірді-екілі көрермен Марат Сәрсенбаевқа қарсы шықты. Олар әйелдерді ұру керек деген қате ұғым деп жатты.

«Мен 15 жыл күйеуімнен таяқ жеп келдім. Ата-анамның тәрбиесімен көніп жүре бердім. Бірақ сыйлағанды түсінбейтін еркектер бар. Иманнан хабары жоқ, бойында имандылық жоқ, тек әйелді ұруға болады деп түсінетін еркектер бар. Кінәнің бәрі әйелден емес»,  деді көрермен.

Айта кетейік бұған дейін Еуразия ұлттық университетінің қолданбалы химия ғылыми-зерттеу институтының директоры Ерлан Сүлеймен желіде қызу талқыланған пікірі үшінқызметінен кеткен еді. Бағдаралама тақырыбы осы негізге сүйене отырып, әйелді ұру мәселесін талқылады.

Бөлісу41ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Экстрасенс Бақыт Жұматова: 2024 жылы бұдан ауыр ауру болады

Келесі жаңалық

Қызылордада көлігімен аялдамада тұрған 4 адамды қағып өлтірген студентке сот үкімі шықты

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
833
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
792
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
932
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
373
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Қызылордада көлігімен аялдамада тұрған 4 адамды қағып өлтірген студентке сот үкімі шықты

Қызылордада көлігімен аялдамада тұрған 4 адамды қағып өлтірген студентке сот үкімі шықты

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
915
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
932
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
833

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
833

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
792

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
932

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
132

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.