Сәрсенбі, Қаңтар 27, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам

Рамазан Стамғазиев: 5 жылға мораторий жариялап тойды тоқтатуға бәрі қарсы шығады

Маусым 22, 2020
Қоғам, Басты жаңалықтар, Қазақстан
Рамазан Стамғазиев: 5 жылға мораторий жариялап тойды тоқтатуға бәрі қарсы шығады
Поделиться на Facebook

Елімізде тойға мараторий жариялау туралы бастама көтерілгенін естіген шоу-бизнес өкілдері, табыссыз қалатын болдық деп дабыл қағуда. Түрлі отбасылық кештерде үш-төрт ән айтып, қалтасына миллиондарды басатын «жұлдыздар» неге такси жүргізіп, аспаз болмайды? Әлде олар ақшасы аз, бейнеті көп кәсіптен қашқақтай ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Дәл қазіргі уақытта тойдың қарыштап дамып тұратын кезі еді. Асабалар той жүргізіп, әншілер ән айтып, би алаңы да бос тұрмайтын. Көріп тұрғандарыңыздай тойхана да бос тұр. Бұл тек асаба, аспазшы, музыканттардың ғана емес тіпті шоу бизнесте жүрген әншілерге де кесірін тигізіп жатыр.

Иә, қазақтың тойы бітпесін деп, үнемі той-думанның ортасында жүретін әншілерге бұл жыл оңай болмады. Той тоқтады. Ол аз десеңіз, бес жыл мораторий жариялау ұсынылды. Десе де, әр тойдан долларлап гонорар алатын әншілерге өздері емес, дәстүрлі әнші, педагог Рамазан Стамғазиев араша түсті. Егер мораторий қабылданса, тек тоймен жан бағып отырған әріптестеріне қиын болатынын айтады.

«Төтенше жағдайлар болып жатқан кездерде тойды уақытша тоқтата тұруға болады. Бірақ бес жылға емес. Бес жылға мораторий жариялап тойды тоқтатып тастау дегенге бәрі қарсы шығады. Ал енді той деген мәселені бұл енді тек қана тоймен жанын бағып жүрген тойсыз күн көре алмайтын әншілер үшін бұл өте қауіпті. Қауіпті болғанда да өз жанын бағар бірақ бес жыл бойы бала-шағаны асырау керек», – деді дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев.

Әншілікті кәсіп қылып, нәпақа тауып жүрген Серік Исахан той тоқтап қалса не істерін білмейтінін айтады.

«Қазақ өзі ежелден тойшыл қауым. Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады дейді. Менің жаным сүйіп істейтін ісім осы тойға барамын, тойдан ләззат аламын. Көп адамдар тойда бір-бірін көрісіп жатады, танысып жатады, араласып жатады. Сондықтан той халықтың қазынасы», – деді әнші Серік Исахан.

Өзін шоумендердің королі санайтын Нұрбек асаба алдағы күніне алаңдайды, әйтсе де басқа жұмыс іздемепті.

«Қадыр-Мырза әлі атамыздың өзі айтып кеткен ғой «қазаққа тойсыз өткен өмір өмірге саналмайды» деп. Сол себепті тоймен өткізуіміз керекпіз деп ойлаймын. Әзірге жиған тергенімізбен жәйлап өмір сүріп жатырмыз. Жұмыс қарағанда әзірге үмітпен күтіп жатырмын мен», – деді асаба Нұрбек Саламатов.

Ал, қоғам белсендісі даңғазалық пен дарақылығы көп тойды тыя тұруды жөн санайды. Егер, әншілер тойсыз күнін көре алмай жатса, басқа жұмыс істесін дейді.

«Олар ойлайды да тек қана мен әнші жеңіл-желпі ақша тапқысы келеді. Маңдай тері терлемей ақша тапқысы келеді. Адам тойдан да басқа неше түрлі жұмыс табамын деген адамға бар ғой толып жатыр. Той индустриясын тоқтата тұрған дұрыс деп ойлаймын. Әншілердің бір клипты жазып алып сол клиппен бүкіл тойды айналдырып жүргенін сол тоже күлкің келеді. Жалпы тойды қадағалайтын комиссия ма, бірдеңе құрылу керек», – деді қоғам белсендісі Жұмамұрат Шәмші.

Елордадағы көлік тасымалдаушылар қауымдастығының атқарушы директоры Сәкен Ханхожин жұмыссыз жүргендерге мынандай ұсынысын айтты:

Сәкен Ханхожин, Нұр-Сұлтан қалалық Көлік тасымалдаушылар қауымдастығы ЗТБ атқарушы директоры:

«Бізден көптеген адамдар жұмыс сұрап келді. Олардың арасында әр түрлі мамандық иелері болды. Қазіргі таңда бізге жүргізушілер, операторлар қажет. Егер жұмыссыз қалған болсаңыз бізге жұмысқа келіңіз».

Рамазан Стамғазиев те әншілердің тойды күтіп жата беруіне қарсы. Мәселен, әріптестерін өзі сияқты ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеуге шақырды.

«Қазір мысалы үйде отырмау керек ендігі мәселе алдыңғы қатарлы ағалары, әпкелері сияқты педагогикамен жұмыс істесін. Жұмыс істесін кәдімгі профессионалды тек қана тойға барып түске дейін ұйықтап, түстен кейін ақша тауып сонымен ғана өмір сүру деген нәрсе ол уақытша екенін өздері де біледі ғой енді. Фундаментально дейді ғой сол өзінің оқыған профессиясымен қазір не көп қазір жұмыс жетеді қазір бала-бақшада, мектептерде, колледжерде маман керек», – деді дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев.

Бөлісу272ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Бір ауыз ауыр сөз айтпаған еді": Асхат Садырбай Ерке Есмаханның марқұм әкесі туралы

Келесі жаңалық

Жігіттер ажыратты: Көкшетауда төбелескен 2 әйел дүкеннің тас-талқанын шығарды

ҰқсасЖаңалықтар

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ
Басты жаңалықтар

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

Қаңтар 26, 2021
43
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
433
Қостанай облысында 12 жасар қыз жүкті: өгей әкесі қамауға алынды
Қылмыс

Шымкентте мүгедек қыз интернатқа келмей тұрып пәк болған

Қаңтар 26, 2021
20
Елге қатаң карантин қайта оралуы мүмкін
Денсаулық

Елге қатаң карантин қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 26, 2021
19
Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді
Өмір

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
335
Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті
Қылмыс

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
54
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Жігіттер ажыратты: Көкшетауда төбелескен 2 әйел дүкеннің тас-талқанын шығарды

Жігіттер ажыратты: Көкшетауда төбелескен 2 әйел дүкеннің тас-талқанын шығарды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
2.3k
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
4.9k
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
433
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
3.3k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

Қаңтар 26, 2021
43

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
433

Шымкентте мүгедек қыз интернатқа келмей тұрып пәк болған

Қаңтар 26, 2021
20

Елге қатаң карантин қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 26, 2021
19

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
335

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
54
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.