Дүйсенбі, Наурыз 1, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Құралай ханым: Әйел қашанда ақылды болуы керек. Бұл менің ұстанымым! Айнымас қағидам!

Маусым 21, 2020
Шоу-бизнес, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Құралай ханым: Әйел қашанда ақылды болуы керек. Бұл менің ұстанымым! Айнымас қағидам!

Сурет: Comode.kz

Поделиться на Facebook

Қазақша психологияны дәріптеуші Құралай Ошақбаеваның желіде басы дауға қалды. Кәсіби коучтың ақылды қыздар жайында айтқан пікірі ел арасында қызу талқыға түсіп, көптің сынына ұшыраған. Отбасылық мәселелер жөнінде көптеген дәріс өткізген көпбалалы ана шулы сұхбатынан кейін алғаш рет халыққа жауап берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Құралай ханым тікелей эфир кезінде айтқан пікірін толыққанды ашып түсіндірді. Ол «умная дурочка» болу дегеннің астарында қандай мағына жатқанын айтты. Белгілі коуч көпшілік оның сөзіне терең үңілмей, сол себепті дұрыс қабылдамағанын жеткізді.

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

«Қыздардың ақылына қатысты айтқан ойым «хит» боп кетіпті. Бұл жағдайдан байқағаным, бізде қазақ тілді және орыс тілді аудитория мүлдем бірін-бірі түсінуі қиын екі түрлі әлем екен. Айтқан пікірімнің астарына үңілмей, хайп қуғандар іліп әкетіп, кәдімгі шу қып жіберді. Өкінішті. Әйел қашанда ақылды болуы керек. Білімді болуы керек. Өзін үнемі дамытуы қажет. Бұл менің ұстанымым! Айнымас қағидам! Бірақ! Бірақ қыз бала осы ақылын даналыққа ұштастыруы қажет. Онсыз құр құрғақ ақыл отбасын ұшпаққа шығармайды. Әл-Фараби бабамыз айтады ғой, «тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың хас жауы» деп. Осы секілді «әйелге даналықсыз берілген ақыл – отбасы жауы» дер едім

Білесіз біздің әже-аналарымыз дана, ақылды болған. Бірақ ол ақылдылығын жалау етіп алып, көкірек соғып, ақылын тықпаштамаған. «Ақылдымын» деп өзін ерінің алдында үстем ұстамаған. Ақылын жарқыратпай, күйеуінің жігерін жықпай, керісінше даналығымен қанаттандырып, ұлы істерге итермелеп отырған. Үйдегі басшы-еркек, қосшысы – әйел. Бұл қазақы отбасының құндылықтарын сақтауы, әке-ана иерархиясының сақталуы. Мен бұл сөзіммен бұрынғы дәуірді аңсап отырғаным жоқ. Дұрыс түсінейікші, отбасы құндылықтарын сақтау қажет. Отбасындағы әйел мен еркектің рөлін ауыстырмаған жөн. Онсыз да барымыздан айрылып, адасуға шақ қап тұрмыз. Әйелі билеген үйден, ынжық еркек, шайпау әйел өсіп шығады. Баланс бұзылады. Еркек қашанда өзін сол үйдің басшысы екенін сезінуі қажет.

Жауапкершілік сонда болады. Ал бізде қалай, үйдің де түздің де бар шаруасын мойнына артып алып, бала-шағасымен қоса, күйеуі де мойнында аяқты салбыратып жіберіп, шырт түкіріп жатыр. Бұл не? «Өте ақылды ана» бұл отбасын құтқаруға басқа ешкімнің ақылы жетпейді деп өзінше шешім шығарып, бар тізгінді қолға алады. Автоматты түрде еркегін бар жауапкершіліктен босата салғанын білмей қалады. Еркек не істейді? Бар проблемасы шешіліп кеткендей, бойы жеңілдеп, бір рахат сезімге түседі. Ерігеді сосын. Ал еріккен еркек не істейтінін білесіздер. Даналықтың негізгі өлшемі – түсінік. Өмірдегі бар нәрсені білу бір басқа да, оны түсіну, түйсіну, жүрекпен ұғу бір басқа» , – деп жазды ол.

Оған қоса, Құралай ханым әрбір қыз-келіншектің бақытты болғанын қалайтынын айтты.

«Біздің қыз-келіншектерде сол түсініктің болғаны маңызды. Бәрін білетін өте ақылды қыздар бар, бірақ түсінуге шорқақ. Кикілжің міне осы жерден басталады. Бізде «өзім білемге» салынып, қатты кетіп жататын хотундар көп. Дес бермей, бет бақтырмай кетеді. Біз бар мәселені ана жүрегімен, мейіріммен, даналықпен шешкеніміз пайдалы, күйеуге де, балаға да өзіңе де. Өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай. Қажет кезде ақылды әдемі қосып, назданып отырып, отбасын айрандай ұйытуға болады емес пе?! Менің пікірімді іліп алып, желіде шулап жатқан жұртқа айтарым: Ағайын, бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы! Қазақ әйелінің бақытты болуы! Менің жан-дүниемнің жүрегімнің қалауы осы. Әрбір қыз, келіншек келін, ана бақытты болса екен деймін. Осы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын» , – дейді ол.

Бөлісу21ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Қызылордада мас жігіт туған анасын соққыға жықты

Келесі жаңалық

«Қызымызбен жасты»: Күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін айтқан әйел жұрттан көмек сұрады

ҰқсасЖаңалықтар

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады
Қазақстан

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Ақпан 28, 2021
39
Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады
Қазақстан

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Ақпан 28, 2021
53
Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті
Басты жаңалықтар

Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті

Ақпан 28, 2021
164
Кейуана 2 жасар немересін асқан айуандықпен өлтірді
Басты жаңалықтар

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
236
«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста
Басты жаңалықтар

«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста

Ақпан 28, 2021
10
Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
401
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Қызымызбен жасты»: Күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін айтқан әйел жұрттан көмек сұрады

"Қызымызбен жасты": Күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін айтқан әйел жұрттан көмек сұрады

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
401
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
336
Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.7k
Кейуана 2 жасар немересін асқан айуандықпен өлтірді
Басты жаңалықтар

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
236

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Ақпан 28, 2021
39

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Ақпан 28, 2021
53

Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті

Ақпан 28, 2021
164

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
236

«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста

Ақпан 28, 2021
10

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
336
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.