Дүйсенбі, Наурыз 1, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Банкке 45 млрд теңге қарыз екенін білген алматылық келіншек жанайқайын жеткізді

Маусым 15, 2020
Оқиға, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Банкке 45 млрд теңге қарыз екенін білген алматылық келіншек жанайқайын жеткізді
Поделиться на Facebook

Аяқ астынан 45 миллиард теңге қарызға батқан алматылық әйел араша іздеуде. Өйткені, проблемалық кредиттер қоры оны сотқа беріп, қазылар ақша өндірілсін деп үкім кескен. Қаржы ұйымымен жасалған келісім-шартта оның қойған қолы да жоқ. Жалғызбасты ана мұнша қаражатты қарызға алмақ түгіл түсінде де көрмегенін айтады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

45 миллиард теңге қарызсың деген соттың шешімі Зебихон Қадырованың есін шығарыпты. Бұған дейін мұндай тірліктен хабарсыз болған азаматша өзінің борышкерлер қатарында екенін бұрынғы әріптестерінен естіген. Кейіннен ақ-қарасын анықтау үшін өзі іске кірісіпті. 4 жылға жуық жұмыс атқарған компаниясы несие алып, келісім-шартқа қосымша 3 адамды қосқан. Ішінде Зебихон да бар. Алайда, бұл іске дейін қызметінен шығып кеткен Зебихон ол уақытта шекара асып әке-шешесіне барыпты. Ал сотқа жіберілген келісім-шартта қолы жоқ.

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

«Сот шешімін шығарған кезде мені ешқандай наразылық білдірген жоқ деп көрсетіпті. Егер менің қолым болмаса, мен қалай наразылық білдіремін. Бұл деген барып тұрған заңсыздық. Сот мұны ескерместен мені де борышкерлер қатарына қосып жіберген», – дейді Зебихон Қадырова.

Дау өткен жылдың желтоқсан айында басталған. Компания 2010 жылдан бері өз жұмысын тоқтатқандықтан, «Проблемалық кредиттер қоры» қағазда көрсетілген азаматтардан өтеп алу үшін 9 жылдан кейін сотқа жүгініпті. Медеу аудандық соты сол кезде өндіріп алуды орынды деп шешкен. Кейіннен Зебихон қалалық сотқа аппеляцияға берген. Алайда осы жылдың мамырында онлайн өткен сот шешімді өзгеріссіз қалдырады. Енді, жоқ жерден қарызға батқан әйел Жоғарғы сотқа шағымдану үшін бір жарым миллиард мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс.

«Проблемалық кредиттер қоры» сотқа берген кезде бір жарым миллиард мемлекеттік баж төлеуі тиіс. Бірақ, заңға сәйкес олар төлемнен босатылған. Енді біз Жоғарғы сотқа шағымдану үшін осы сомманы төлеуіміз керек. Менің қорғауымдағы азаматшада мұндай қаражат жоқ», – дейді Қыдырованың адвокаты Талғат Мылтықбаев.

Адвокаттың айтуынша, сотқа барған әрбір арызда тұлғаның қолы болуы тиіс. Бірақ, Зебихонның бұл жерде ешқандай қолы болмаған. Мұны соттың қалай қарағанын әлі түсінбей дал. Ал қалалық сот өкілдері болса, ақпараттың жай-жапсарын анықтау үшін біраз уақыт кетеді деп отыр.

«Қазіргі таңда іс аудандық сотқа берілді. Қазіргі уақытта соттарда дезинфекция жүргізілуде. Сондықтан істі міндетті түрде сұрағаннан кейін біз сізге қосымша ақпаратты береміз», – дейді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

Бір бөлмелі пәтерін 20 жылға ипотекаға алған Зебихон Қадырова жалғыз баласын тәрбиелеп отыр. Қазір барлық есеп-шоттары бұғатталғандықтан, баспананың несиесін де төлей алмауда. Сонымен қатар, сот шешіміне сәйкес жалақысының 50 пайызын ұстап отырады екен. Жазықсыздан жазықсыз жапа шектім деген Зебихон енді қайда барып, кімнен әділдік сұрарын білмейді.

Бөлісу9ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Көкшетауда коронавирустан көз жұмған адам қызуы 41 градусқа көтерілгенше дәрігерге бармаған

Келесі жаңалық

Алтынай Жорабаева мен Абай Бегей тойларда ән салуды бастап кетті (видео)

ҰқсасЖаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін
Басты жаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
69
«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды
Әлем

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
10
Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді
Әлем

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
74
Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті
Басты жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
4
Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды
Басты жаңалықтар

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
5
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Алексей Цой: Дәрігерлердің орташа жалақысы 2023 жылы 561 000 теңгені құрайды

Наурыз 1, 2021
17
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Алтынай Жорабаева мен Абай Бегей тойларда ән салуды бастап кетті (видео)

Алтынай Жорабаева мен Абай Бегей тойларда ән салуды бастап кетті (видео)

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
446
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
380
Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.8k
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
69

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
10

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
74

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 2021
107

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
4

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
5
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.