Сәрсенбі, Қаңтар 20, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Өмір

Әйелі: Ауру дендеп жатса да, Бейсекем қабағын бір шытпады

Ол журналистің ұзақ уақыт ауырғанын, дертіне қарамастан шыдамдылық пен сабырлы қалпын сақтағанын жеткізді

Мамыр 21, 2020
Өмір, Қазақстан, Қоғам
Бейсен Құранбектің естелігінен: Әйелім маған 6 ай қарамады, жұмысынан шығарып салуға күнде баратынмын
Поделиться на Facebook

18 мамырда дүниеден өткен журналист Бейсен Құранбектің әйелі қайғыға ортақ болып, көңіл айтып жатқан азаматтарға әулетінің атынан алғыс айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар Бейсен Құранбектің тағдырына разылығын білдірген жазбасын жариялады.

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

«Құдайым мені қай кезде аламын десе де дайынмын. Алланың маған нәсіп еткен өміріне де, сынағына да разымын. Мен жақсы өмір сүрдім. Маған Алла тағала жақсы ата-ана, жанашыр бауыр, адал жар, сүйкімді бала сыйлады. Он екі мүшемді сау қылып, бойыма қуат берді, миыма сана, жүрегіме рух берді. Басыма бақ қондырды. Ел-жұртыма маңдай терімді сыпырып жүріп қызмет етуге мүмкіндік берді. Тағы уақыт берсе, тағы да аянбай қызмет етуге даярмын. Мені жақындарыммен, балаларыммен сынамай, жеке басыма дерт беріп, өз денеммен сынап жатқанына тағы да шексіз ризамын. Ризамын!», – деген екен Бейсен Құранбек.

«Әлеуметтік желілердегі жазбалар, арнаулар мен комментарийлерді бей-жай оқу мүмкін емес, жүрегіңді қынжылтады деген ағайынның өзара әңгімесін үш күннен бері естіп жатырмын. Олардың барлығын ашып оқуға жүйкем шыдамады… Әйтсе де кеше бірқатарын көрдім, түсіндім. Көрермен қауым, жора-жолдас, майдандас әріптестер, үлгі тұтып соңынан ерген жастар қандай тұлғадан айырылып қалғанын сөзбен жеткізе алмай, зар илеп жоқтап жатыр», – деп жазды Бейсен Құранбектің әйелі Instagram парақшасында.

Журналистің жары телеарна арқылы жедел сюжет дайындап жатқан марқұмның әріптестеріне, қайғыға ортақтасып жатқан бауырларына алғыс айтты.

«Бейсекемнің артынан қаза қайырлы болсын айтып жатқан адамның санында есеп жоқ, қалың қазақ қабырғасы қайысып, көңіл айтуда. Еліміздің игі жақсылары лебіздерін білдіріп, жеделхаттар жолдап жатыр. Телеарналар Бекең туралы сюжеттері мен хабарларын жедел түрде дайындап, халық назарына ұсынып, ыстық ықыластарын білдіруде. Алыс-жақын шетелдердегі бауырлар да орны толмас қайғыға ортақтасуда. Баршаңызға әулетіміздің атынан алғысымды білдіремін», – деп жазды ол.

Жазбасында Бейсен Құранбектің ұзақ уақыт ауырғанын, дертіне қарамастан шыдамдылық пен сабырлы қалпын сақтағанын жеткізді.

«Ол ұзақ ауырды, аурудың жақсысы жоқ, алайда нақ осы дерт адамның сабырлылығы мен төзімін сынауға арналған ба деген ойға қалдым. Ауру дендеп, денені құрсап, қинап жатса да, Бейсекем қабағын бір шытпады, «мына ауру пәле болды, шаршатты» дегенді айтпады. Дүниеден озу осындай да болады екен», – деп жазды ол.

Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысындағы Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған.

Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. Одан кейін телевизия саласына ауысып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, президент телерадиокешенінде қызмет етті. 2007-2012 жылдары Алматы облысы «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды. Ал 2013-2017 жылдары «Қазақстан» телеарнасында халық арасында кеңінен танылған «Айтуға оңай» ток-шоуын жүргізді.

2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді. Кейін Алматы облысы «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды.

Журналистің қазасына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айтты.

Бөлісу329ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Алматы облысында 14 жастағы қызды зорлап жүкті еткен жігіт отбасылы азамат болып шықты

Келесі жаңалық

"Күйеуі ерте келген-ау": Оралда балконнан іш киіммен түскен азамат видеоға түсіп қалды

ҰқсасЖаңалықтар

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді
Өмір

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
1
Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді
Қылмыс

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Қаңтар 20, 2021
1
Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды
Қылмыс

Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды

Қаңтар 20, 2021
5
Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды
Әлем

Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды

Қаңтар 20, 2021
84
Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық
Қазақстан

Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық

Қаңтар 20, 2021
1
Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?
Әлем

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
245
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Күйеуі ерте келген-ау»: Оралда балконнан іш киіммен түскен азамат видеоға түсіп қалды

"Күйеуі ерте келген-ау": Оралда балконнан іш киіммен түскен азамат видеоға түсіп қалды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды
Қазақстан

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды

Қаңтар 19, 2021
558
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
1.6k
Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
4.4k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
851

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
1

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Қаңтар 20, 2021
1

Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды

Қаңтар 20, 2021
5

Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды

Қаңтар 20, 2021
84

Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық

Қаңтар 20, 2021
1

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
245
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.