Дүйсенбі, Наурыз 1, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Түркістан облысында күйеуі әйелінің басын жарып, қолын шапқылаған

Мамыр 5, 2020
Қылмыс, Қазақстан, Қоғам, Оқиға
Түркістан облысында күйеуі әйелінің басын жарып, қолын шапқылаған
Поделиться на Facebook

Түркістан облысы Келес ауданындағы Абай ауылында күйеуі өз әйелін көшеде кетіп бара жатқан жерінде балтамен ұрған. Басы мен қолынан жараланған 46 жастағы әйелдің бір көзі көрмей қалған. Бұл туралы Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жан сақтау бөлімінен палатағы ауыстырылған Әлия Әйтімбетова екі аптадан бері үнемі ұрып-соғатын күйеуінен кетіп, қыздарымен бөлек үйде тұрып жүргенін айтты.

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Абай ауылындағы емханада медбике болып істейтін әйел ауруханаға қолы шабылған, басы балтамен жарылған күйінде түскен. Оқиға таңертең, Әлия жұмысқа бара жатқан кезде болған.

«Жұмысқа шығып келе жатқанымда күйеуім Матқұлов Мұрат мені балталап тастады. Тегі сөзге келмейді, «өлтіремнен» басқаны айтпайды. 15 жыл отандасып, 16 жылдан бері көретін жәбірім сол. Тек зорлық пен зомбылық. «Жақындама маған, не болды саған, тыныштық па?» – десем, «Сөйлеспеймін, сені өлтірем, сені өлтірем» – деп, мені балталап тастады», – деді Әлия Әйтімбетова.

Елуді еңсерген Матқұлов Мұрат шабуыл жасаған кезде, әйелдіңшыңғырған дауысын естіген екі жүргінші жігіт жүгіріп келген. Содан кейін күйеуі қашып кеткен. Белгілі болғандай, оқиға орнында көшені бақылайтын камера орнатылған. Бірақ ол әлі іске қосылмапты.

Көп қан жоғалтып, тым ауыр жағдайда ауруханаға түскен Әлияның тірі қалуы үшін дәрігерлер жарты күн ота жасаған. Тіпті, санавияция желісімен облыстан бірнеше дәрігер келген.

«Басында, оң жағында жара, балтамен шабылған. Қолында, оң қолында, білегінде кесілген жарақаты және 5-ші саусағы сынған. Оның бәрі тігіліп, орнына қойылды», – деді Келес аудандық ауруханасы жарақаттану бөлімінің меңгерушісі Рүстем Раисов.

Бұл отбасының көршілері де Мұрат туралы жақсы пікірде емес екен. Қара базарда валюта айырбастап, ақша табатын Мұрат көршілерімен де сөйлеспейді-міс. Ал Әлия соңғы уақытта көршілеріне көп шағымданыпты.

«Күйеуім ұрады, мені де ұрады, қыздарды да ұрады, қыздар да азап-безер болды», – дейтін. Өзі сәл біртүрлі, сол Мұрат», – деді көршісі Майра Егембердиева.

Қазіргі таңда Матқұлов Мұрат ұсталған. Күдіктіден және әйелді ұрған балтасынан сараптама алынған, тергеліп жатыр.

Дегенмен, Әлия Әйтімбетованың туыстары оны жазадан құтылып кете ме деп қорқады.

«Ажырасып та көрді бұнымен. Әйтеуір екі қызы жетім болмасын, осылар әкесі жоқ боп өспесін деп, жалынып келгеннен кейін, Құран ұстап, бізге ант-суын ішкеннен кейін, біз жарастырып… Осы уақытқа дейін жазаланбады ғой – бұл. Неше рет ұрды, басқа қылды. Әйтеуір шығып кете береді ғой, тыныш қана. Енді осыдан құтылып кетпесін, әділ жазасын алсын», – деді жәбірленушінің жеңгесі Жанар Әйтімбетова.

Әлия Әйтімбетованың туыстары бұл істі прокуратура ерекше қадағалауға алғанын қалайды.

Ал әйелін балталап, қансыраған күйінде тастай қашқан күдіктіге қатысты полицейлер «адам өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғады.

Бөлісу48ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында көп балалы әке мас болып, су басқан аймақтан отбасын алып шыға алмаған

Келесі жаңалық

«Арандатып отырсыңдар»: Ашуға булыққан Иманбаева студияда шу шығарды (видео)

ҰқсасЖаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін
Басты жаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
69
«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды
Әлем

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
10
Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді
Әлем

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
74
Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті
Басты жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
4
Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды
Басты жаңалықтар

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
5
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Алексей Цой: Дәрігерлердің орташа жалақысы 2023 жылы 561 000 теңгені құрайды

Наурыз 1, 2021
17
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Арандатып отырсыңдар»: Ашуға булыққан Иманбаева студияда шу шығарды (видео)

"Арандатып отырсыңдар": Ашуға булыққан Иманбаева студияда шу шығарды (видео)

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
447
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
380
Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.8k
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
69

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
10

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
74

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 2021
107

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
4

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
5
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.