Дүйсенбі, Қаңтар 25, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Мәдениет

Сиқырға сен, өзіңе сен!: Қазақ тіліндегі үздік мультфильм көрерменге жол тартты

Наурыз 6, 2020
Мәдениет, Қазақстан, Қоғам, Өмір
Сиқырға сен, өзіңе сен!: Қазақ тіліндегі үздік мультфильм көрерменге жол тартты
Поделиться на Facebook

Бүгін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кинопрокатқа мемлекеттік тілде шығатын Disney/Pixar студияларының бірінші фильмнің алдын ала көрсетілімдері өтті. «Алға» фильмі ескі аңыздарда айтылған нағыз сиқырды тауып алмақшы болған екі ағайынды эльфтердің шытырман оқиғаға толы сапары туралы баяндайды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

«Алға» қазақ тіліне дыбысталып, отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шығатын 34-ші фильм болып табылады. Голливудтық киностудиялардың отбасымен бірге қарауға арналған фильмдері «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен қазақ тіліне дыбысталады. Дубляж демеушісі – BI Group компаниясы. Серіктестер: KINOPARK кинотеатрлар желісі, Ivi және Megogo онлайн кинотеатрлары. Бүгіннің өзінде қазақ тіліндегі голливудтық фильмдер ivi онлайн-кинотеатрындақарауғаболады, ал жақын арада қазақ тіліндегі фильмдер топтамасын «Алға» фильмі толықтыратын болады. Нұр-Сұлтан қаласындағы алдын-ала көрсетілім «Nur Otan» партиясының қолдауымен, ал Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен өткізілді.

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Marvel ғаламының қаһармандары Жұлдызды Лордты («Галактика сақшылары») және Өрмекші адамды («Өрмекші адам: үйден жырақта») дыбыстаған актерлер Том Холланд және Крис Прэтт Disney студиясының «Алға» жаңа анимациялық фильмінің басты кейіпкерлерін дыбыстау үшін дыбыс жазу студиясында қайта кездесті. Режиссер Дэн Скэнлон фильмді өзінің сценарийі бойынша түсірді. Ол картинаны бала кезінде қайтыс болған әкесіне арнады. Синопсис: Ағалы-інілі эльфтер Иэн мен Барли Лайтфуттар тролльдер, гоблиндер, гномдар, кентаврлар және пырақтар мекендейтін таңғажайып әлемде өмір сүреді. Баяғы заманда олардың әлемі сиқырға толы болған. Алайда бұл заман өтіп, енді ғажайып тіршілік иелері ұшақтармен ұшып, автомобиль мініп, кәдімгі өмір сүріп келеді. Бірақ ойда жоқта қолына сыйлық түскен екі ағайынды ескі аңыздарда айтылған нағыз сиқырды тауып алмақшы болып, шытырман оқиғаға толы сапарға аттануға белдерін буады.

Алдын-ала көрсетілім барысында сөз сөйлеген «Болашақ» қоры Қамқорлық кеңесінің құрметті мүшесі және «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ел тарихындағы күрделі кезеңдердің бірі болған тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ» стипендиясын тағайындағанын атап өтті. Бүгінгі таңда бірегей бағдарламаның мыңдаған түлектері Отанына қайтып оралып, ел экономикасының түрлі салаларында жұмыс істеуде. 2011 жылы болашақтықтар қазақ тілді балаларға арналған сапалы және бәсекеге қабілетті контент құруға бағытталған «Өзіңнен баста» әлеуметтік жобасына бастамашы болды. Бастамаға «Nur Otan» партиясы қолдау көрсетті.

«Жаһандану кезеңінде өз тарихына терең тамыр жіберген, ұлттық мәдениеті мен ана тілін ардақтай білген халықтың ғана әрдайым айы оңынан тумақ. Сондықтан да «Nur Otan» еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің төлтума қасиеттерінің сақталуын қуаттай отырып, қазақ тілін, мәдениеті мен дәстүрін дамытуды өз стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде белгілеген. Бұдан тоғыз жыл бұрын Елбасының тікелей қолдауымен қолға алынған «Өзіңнен баста» әлеуметтік жобасының арқасында осы кезге дейін әлемдегі ең үздік 34 көркем және анимациялық балалар фильмі қазақ тілінде дубляждалды. Осы бастамаға қызу қолдау білдіріп, қазақ тілінің болашағына бейжай қарамайтын барша демеушілер мен меценаттарға ерекше алғыс білдіремін» – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Сиқырға сен, өзіңе сен!: Қазақ тіліндегі үздік мультфильм көрерменге жол тартты 1

Дубляж тарихында алғаш рет фильмдегі мәтіндік жазбалар локализацияланған: экрандағы барлық жазбалар қазақ тілінде көрсетілетін болады.

Кастинге Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан барлығы 40-тан астам актер қатысты. Актер Том Холландтың дауысымен сөйлеген ағайындылардың бірін дыбыстаған актер Заңғар Әбенов сондай-ақ Том Холландты «Өрмекші адам: Міне үйден» фильмінде де дыбыстаған.

Сонымен қатар фильмнің дубляжына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынай Нөгербек, актер, сатирик және режиссер Сағаділдә Үсібәлі, Шехназа Қызыханова, Сая Тоқманғалиева, Бәзіл Сұлтанғазы және басқалар қатысты. Фильм дубляжының режиссері Шах-Мұрат Ордабаев болды. Режиссер үшін бұл фильм «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған 10-шы фильм болды.

Сиқырға сен, өзіңе сен!: Қазақ тіліндегі үздік мультфильм көрерменге жол тартты 2

– Біріншіден, бұл фильммен жұмыс істеу маған жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік берді, Өйткені онда қазақ тіліне локализация көбірек жасаланған. Алғаш рет фильмнің ішінде қазақ тілінде жазулар пайда болды. Бұл жазбалармен біз ақындармен көп жұмыс атқардық. Бұл – дубляждағы және жеке өзім үшін де жаңа деңгей. Мен осы сәтті жобадағы менің алғашқы фильмімнен бастап ұзақ күттім. Бұл жазбаларға да кастинг өткізілді: біз қазақ тіліндегі бірнеше жазу үлгісін Disney/Pixar студиясына жібердік. Көрермендер фильмнің дубляжына қаншама еңбек сіңірілгенін және қандай жұмыс атқарылғанын түсінсе дейміз. Сонымен қатар, фильм маған ерекше әсер етті. Хикаяның тақырыбы маған таныс және маңызы бар. Менің да ағам бар, әкем қайтыс болған. Мұндай хикаялар жақындарымызды бағалау, оларға алғысымызды білдіру және оларды аялау қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектеседі, – деп атап өтті режиссер.  

Сиқырға сен, өзіңе сен!: Қазақ тіліндегі үздік мультфильм көрерменге жол тартты 3

Іс-шараға «Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары – Бауыржан Байбек, BI Group компаниясының өкілдері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, блогерлер, медиа-тұлғалар, «Болашақ» қауымдастығының мүшелері және басқалар қатысты.

Сиқырға сен, өзіңе сен!: Қазақ тіліндегі үздік мультфильм көрерменге жол тартты 4

Жобаға қазақстандық компаниялар демеушілік қолдау қөрсетііп отыр. «Алға» – «BI Group» құрылыс холдингі демеушілік еткен 9-шы фильмболып табылады.

– BI Group холдингі үш жыл қатарынан Болашақ қорының «Өзіңнен баста» жобасына қолдау көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде құны 400 миллион теңгеге жуық сомаға 9 фильм қазақ тілінде дыбысталды. Осы жылы біздің қолдауымызбен тағы 6 фильм дыбысталады. Қаржылай көмек көрсете отырып, біз ана тілімізді дамытуға қаражат жұмсап қана қоймай, сондай-ақ белсенді әлеуметтік-қайырымдылық қызметпен айналыса отырып, біздің компания қазақстандық балалар үшін сапалы шетелдік киноконтентпен танысуға мүмкіндік береді. Біз мемлекеттік тілге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінеміз: көптеген жобаларымыздың атаулары қазақша, ал Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай біз жаңа «Асыл мұра» тұрғын үй кешенін іске қостық. Оның әр кезегіне қазақ мәдениетінің ұлы тұлғалары – Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Жұбанов, Қорқыт Ата, Құрманғазы Сағырбайұлы және Әл-Фараби есімдері беріледі.  Сондай-ақ, біздің «Ақылды үй» жобасын ұсынушы Connected Home әзірлеушілер тобы қазір қазақ тілінде сөйлейтін Алиса мен Siri сияқты дауыстық көмекшіні әзірлеуде» – деп атап өтті BI Group холдингінің Құрылыс индустриясын цифрландыру жөніндегі директоры Асхат Тұрғынбекұлы.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Мемқызметкерге сыйлық та, гүл де гүл сыйлауға болмайды: Әйтпесе жазаланады

Келесі жаңалық

Белсенділер Қытайдан азық-түлік, жүк тасымалдауға тыйым салуды талап етті

ҰқсасЖаңалықтар

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
36
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
13
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531
Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті
Әлем

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
205
Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Әлем

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Белсенділер Қытайдан азық-түлік, жүк тасымалдауға тыйым салуды талап етті

Белсенділер Қытайдан азық-түлік, жүк тасымалдауға тыйым салуды талап етті

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.7k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.6k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
36

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
13

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
205

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.