Дүйсенбі, Наурыз 1, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Bek Air ұшағының апаты: Зиян шеккендерге 94 млн теңге берілді

Үкімет басшысы салдарынан он екі адам көз жұмған ұшақ апатының екі себебі қарастырылып жатқанын айтты

Наурыз 4, 2020
Қазақстан, Қоғам, Өмір
Bek Air ұшағының апаты: Зиян шеккендерге 94 млн теңге берілді
Поделиться на Facebook

Ұшақ апаты салдарынан зардап шеккен жолаушылар мен қаза болғандардың отбасына 94 миллион теңге шамасында өтемақы төленді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінге дейін жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық көмек көрсету жұмысы жүргізілді. Зардап шеккен жолаушыға бір миллион теңгеден, ал жақынынан айырылған 12 отбасы төрт миллион теңгеден алды», – делінген Маминнің депутаттық сауалға берген жауабында.

Апат себебі

Премьердің айтуынша, қазіргі кезде Bek Air әуе компаниясының сертификаты тоқтатылған. Мемлекетаралық авиация комитеті әуе кемесінің өздігінен жазатын екі борттық құрылғысын жүктеді. Мамандар қорытынды дайындап жатыр.

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Ал апат салдарын тергеу ісін ішкі істер министрлігінің жедел-тергеу тобы жүргізіп, бас көлік прокуратурасы бақылайды.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, оның екі негізгі нұсқасы қарастырылып жатыр. Біріншісі – ұшақтың қанаттарына мұз қатқан болуы мүмкін. Бұл нұсқаны халықаралық сарапшылар көмегімен тексеру үшін ұшуға дейінгі дайындық кезінде әуе кемесін мұздан тазарту процедурасы тексеріліп жатыр. Екіншісі – ұшақтың техникалық ақауы және ұшқыштың қателігі», – деді үкімет басшы.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезіндегі экипаждың іс-әрекетін бағалауға бағытталған тергеу амалдары да жалғасады.

Bek Air не істеуі керек

Қайғылы оқиғада жұмыс берушілердің кінәсі де бар.

«Жұмыс берушілерге қайтыс болған жұмысшылардың (асырауындағы) отбасына сақтандыру төлемдерін төлеу қажеттігі туралы сақтандыру компанияларына хабарлау тапсырылды. Арнайы тергеу материалдары тпроцедуралық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына жіберілді», – делінген құжатта.

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті оқиға салдарынан тоқтатылған рейс жолаушыларына ақшаны қайтарып алу туралы Нұр-Сұлтан қаласының экономикалық сотына шағым түсірді.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін жолаушыларды тұрақты рейспен тасымалдайтын елдегі барлық әуе компаниялары тексеруден өткізіледі.

Алматы маңындағы ұшақ апаты

2019 жылы 27 желтоқсанда Bek Air жолаушылар ұшағы Алматыдан ұшып шыққаннан кейін бірден құлады.
Ұшақ бетон қоршауға құлап, екі бөлікке бөлінді. Апат салдарынан 12 адам қаза болды. Экипаж командирі оқиға орнында көз жұмса, ауруханадан шыққаннан кейін екінші ұшқыш қайтыс болды. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін үкіметтік комиссия құруды тапсырды. 2019 жылы 28 желтоқсанда Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болды.

Қазақстан авиация әкімшілігі Bek Air әуе компаниясының ұшуға жарамдылық сертификатын тоқтатты.

Бөлісу6ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Әр балаға 35 мың теңге төленуі тиіс»: Алматыда көпбалалы ана ұсыныс айтты

Келесі жаңалық

«Гарант 24 Ломбард» директоры: Мені кешіріп, түсінулеріңізді сұраймын

ҰқсасЖаңалықтар

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады
Қазақстан

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Ақпан 28, 2021
39
Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады
Қазақстан

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Ақпан 28, 2021
53
Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті
Басты жаңалықтар

Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті

Ақпан 28, 2021
164
Кейуана 2 жасар немересін асқан айуандықпен өлтірді
Басты жаңалықтар

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
236
«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста
Басты жаңалықтар

«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста

Ақпан 28, 2021
10
Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
403
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Гарант 24 Ломбард» директоры: Мені кешіріп, түсінулеріңізді сұраймын

«Гарант 24 Ломбард» директоры: Мені кешіріп, түсінулеріңізді сұраймын

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
403
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
336
Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.7k
Кейуана 2 жасар немересін асқан айуандықпен өлтірді
Басты жаңалықтар

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
236

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Ақпан 28, 2021
39

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Ақпан 28, 2021
53

Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті

Ақпан 28, 2021
164

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
236

«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста

Ақпан 28, 2021
10

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
336
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.