Дүйсенбі, Қаңтар 25, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Шоу-бизнес

Тәуекел Мүслім тыржалаңаш фильмге түсті

«Я-пышка» комедиясы Баян Мақсатқызын қанша шығынға батырды? Басты кейіпкерді сомдаған томпақ қыз қаламақысын қайда жұмсаған? Атышулы Алагөзова Тәуекелді алдап соққан б

Наурыз 1, 2020
Шоу-бизнес, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Өмір
Тәуекел Мүслім тыржалаңаш фильмге түсті

Сурет: https://www.instagram.com/mussilim/?hl=ru

Поделиться на Facebook

Күні кеше Баян Алагөзова «Я пышка» атты кезекті картинасының тұсауын кесті. Азулы продюсер толық қыздың рөлін сомдауға ақтөбелік Назерке Назарова есімді аруды лайық көрген, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz порталына сілтеме жасап.

«Негізі анам сен өтпей қалуың мүмкін, босқа семіріп кетесің ғой, қиналасың деп фильмге түсуіме қарсы болды. Бірақ мен іштей жоқ деп, нан мен майды жей бердім», – дейді Назерке Назарова.

Иә, аталмыш комедия үшін жанкештілікке барған сылқым, екі ай ішінде жеті килограмм қосқан. Тіпті түсірілім барысында аяғына зақым келіп, жүруден қалса да, Назерке өзіне жүктелген рөлді алып шыққанына риза. Бүгінде үміт ақталды. Қаламақысы да көңіл қуантса керек, Назарова кинодан соң бар несиесінен құтылған.

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

«Табысым өзіме ұнады. Бастапқыда продюсерлерге өз ұсынысымды олар да өз тараптарынан белгілі соманы айтты. Сөйтіп екі жақ ортақ шешімге келдік. Бірақ барлығына жетті. Тіпті қарыздарымнан да құтылдым», – дейді ару.

Бұған дейін бірнеше фильм таспалап, отандық киноқоржынды майлаған Мақсатқызы, дәл осы комедиясы үшін қалтасынан қанша қаражат шығарғанын да  жасырмады.

«Мен белгілі бір лимиттен асырмаймын. Фильмдеріме 150-200 мың доллардан артық ақша жұмсамаймын. Ең қымбаты «Сиситай» болды. Жанры мюзикл болғандықтан 400 мың долларға түсірдім. Одан аз қаражат кетіру мүмкін болмады. Менің ойымша, Қазақстанда 200 мың доллардан қымбат киноны түсірудің қажеті жоқ», – дейді Баян Мақсатқызы.

Баян Алагөзова  тың кинотуындыға кіріспес бұрын алдымен қызымен ақылдасатын көрінеді. Айсәуле де анасына барынша қолдау білдіріп, көмегін  аямапты.

«Анам әрдайым трендте не болып жатыр? Осындай фильм түсірсек, көрермен ұната ма, ұнатпай ма қалай ойлайсың? Қай әзіл күлкілі немесе қүлкілі емес деп мені шақырып, ойымды сұрайды», – дейді Айсәуле Бақытбек.

Дәл осы фильмде сән үйінің директорын сомдау, Мүсілімге табысталған. Шаңырақ көтергелі ұстанымы өзгерген Тәуекел, түсірілімге дейін сценариймен танысып, кейін ашық сахналар кезікпесе ғана келісімін беретін болған. Бірақ бұл жолы алданып қалғанын айтады.

«Алғаш сценарийді оқығанда, мен басқаша елестеттім. Себебі үстің жартылай ашылады, бірақ сушиға ұқсатып,  қара матамен ораймыз деді.  Жартылай дегенге, «жарайды» деп келісімімді бердім. Тек түсірілім басталғанда бәрі басқаша, қара мата жоқ, суши ғана дейді. Мен түсінбей, қалай суши, қалай жабасыңдар десем, онда шешін, қорықпа жабамыз деді. «Шешінген судан тайынбас» дейді. Амал жоқ, актер болғаннан кейін ондай сахнаға түсуге де тура келді», – дейді Тәуекел.

Тәуекел бұл картинада Жәния Джуринская, Назерке Назарова, Қарлығаш Мұхамеджанова сынды үш бірдей  сылқыммен серіктес. Бірақ аталмыш комедиядағы ашық сахналарға келіншегінің келісімімен түсіпті.

«Мен сценарий оқып болғаннан кейін бірден, «ыңғайсыз сахналар бар, сен соған дайын бол» деп Махаббатқа ескерттім. Ол жарайды деді. Енді актер болғаннан кейін түсінеді. Бастысы сүйісетін сахналардың бәрін алдыртып, өтініш білдірдім», – дейді Тәуекел Мүсілім.

Артық салмақтағы арулардың өмірін суреттейтін туындының желісі бойынша толық қыз сиқырдың көмегімен сымбатты сылқымға айналады. Ал басты кейіпкердің арықтаған сәтін Жәния Джуринская сомдаған. Бірақ бастапқыда бұл рөлге Қарлығаш Мұхамеджанова бекітіліпті.

«Алғашқыда толық қыздың салмақ тастап, өзгерген кезіне мені сынап көрді. Бірақ Баян Мақсатқызы сен әрқашан жағымды кейіпкерді сомдайсың, мүмкін өзіңе жат образды көрерсің деп ұсыныс білдірді.  «Жақсы» деп келісімімді бердім», – дейді  Қарлығаш Мұхамеджанова.

Фильмнің алдын-ала көрсетіліміне Алагөзованың әріптестері мен жақындары да жиналған. Алғашқы көрермендердің комедияның кемшін тұстарын байқаса, екінші тарап кинодан үлкен үміт күтіп отыр.

«Баян Мақсатқызы, Бағым Мақсатқызы тәтелерім ғой. Кішкентайымнан сол кісілердің әзілін тыңдап өскенмін, олар бір-бірін үнемі келемеждеп жүретін адамдар. Сол қалжыңдарын осы кинода көрдім және жүрегіме жылы қабылдадым. Менің ойымша бұл кассалық жиыны жақсы фильм болатын сияқты», – дейді Аша Матай.

«Мен фильмнің бір-екі жеріне өзгеріс еңгізіп, төбелесті мүлдем алып тастар едім. Сосын соңын басқаша өрбітіп, қазақи стильді көп берер едім. Мүмкін дизайнерлік саланы жақсы білгендіктен болар, бұл картинада сәнге көп көңіл бөлген. Ал жалпы кино жаман емес», – дейді Айқын.

Бөлісу32ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Астролог наурыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Келесі жаңалық

Жаңа челлендж: Әншілер жақсылық жасаудан жарысып жатыр

ҰқсасЖаңалықтар

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
36
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
13
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531
Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті
Әлем

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
205
Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Әлем

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Жаңа челлендж: Әншілер жақсылық жасаудан жарысып жатыр

Жаңа челлендж: Әншілер жақсылық жасаудан жарысып жатыр

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.7k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.6k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
36

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
13

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
205

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.