Сәрсенбі, Сәуір 14, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Әйел толық болған соң, отбасы жүктілікті байқамаған: Петропавлда ана өз сәбиін өлтірді

Ақпан 28, 2020
Қылмыс, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Оқиға, Өмір
Әйел толық болған соң, отбасы жүктілікті байқамаған: Петропавлда ана өз сәбиін өлтірді
Поделиться на Facebook

Қызылжар өңірінде қоқыс арасынан табылған нәрестенің тұла бойында жарақаттар анықталған.Бұл жайында сәбидің денесін сараптамадан өткізген полиция мамандары хабарлады. Ал оның 28 жастағы анасы қамауға алды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Жас ананың туысқандары бұл қылмысқа неге жол берген?

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Елді елең еткізген оқиға Тайынша ауданының Обуховка селосында болған. Жаңа туған нәресте 1992 жылғы әйелдің үшінші баласы болып шықты. Оның тұңғышы 2018 жылы іштен өлі туған екен.

Екінші жүктілігі сәтті аяқталып, ұлы жуырда 1 жасқа толмақ. Ал жас ананың қайтадан құрсағында бала көтеріп жүргенін ешкім білмесе керек. Аудандық әкімдік өкілдері ол жүктілігі жөнінде дәрігерлерге хабарламағанын айтады. Тіпті азаматтық некедегі ері де бұл жаңалықты естіп, аң-таң болған.

Жанар Алданазарова, СҚО Тайынша ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары:

Әйелден қан кеткен, сосын ол дәрігерлерді шақыртқан. Ақ халаттылар келген кезде баланың шетінеп кеткенін айтады. 3-4 айлық бала құрсақтан бірнеше бөлікке бөлініп шыққан деген. Бірақ нәрестенің денесін көрсетпей қойған. Сосын барып дәрігерлер полицейлерді шақыртып, олар нәрестені қораның артында үйіліп жатқан қидың арасынан тауыл алған. Жас ана азаматтық жолдасы және оның әке-шешесімен бірге тұрған. Әйел толық болған соң, олар жүктілікті байқамағанын айтты.

Полицейлер Қылмыстық Кодекстің 100-ші бабына сәйкес, яғни жаңа туған баланы өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғапты. Артынша шақалаққа сараптама жасалып, оның денесінен бірқатар зорлық белгілері анықталған. Осыдан соң іс «адам өлтіру» бабына ауыстырылған.

Сән Жұмағазина, СҚО Полиция департаментінің қызметкері:

25 ақпан күні Тайынша ауданының полиция бөліміне аудандық ауруханадан Обуховка ауылында жаңа туған бала өлімі туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнын тексеру барысында қораның сыртынан зорлап өлтіру белгісімен жаңа туылған баланың денесі оралған пакетте анықталды.

Тәртіп сақшыларының дерегіне сүйенсек, аймақта мұндай азғындық соңғы рет 2013 жылы жасалған. Дегенмен, ел аумағында нәрестелерге қатысты қылмыстар жыл сайын кездесіп жүр. Әйелдерді қолдау орталығы бұл мәселені жүйелі түрде шешу қажеттілігін жеткізді.

Алина Орлова, әйелдерді қолдау орталығының жетекшісі:

Бізге әрбір ауылға фельдшерлік акушерлік бекеттер қажет. Ал сіздер білесіздер ауылда амбулаториялық бекет түгілі, дәріхананың өзі тапшы. Ал ең бастысы елімізде отбасыны жоспарлау институты жоқ. Бұл мәселені мектептің деңгейінен бастау қажет. Ана мен әке сезімі сол кезден бастап қалыптасуы керек.

Алина Орлова ең болмағанда «бэби-бокс» тәжірибесін енгізілсе деді. Нәрестелерге арналған қорапша әйелдердің сана сезіміне әсер етпегенімен, сәбилердің өлімін азайтар деп үміттенеді. Бүгінде аталған жүйе пилоттық жоба ретінде Нұр-Сұлтанда ғана бар.

Полицейлер қазір қылмысты бүге-шүгесіне дейін зерттеуді қолға алды. Ауруханада емделіп жатқан нәрестенің анасы қазір басты күдіктіге айналып отыр. Ал бірге тұрған отбасы мүшелері оның жүктілігін байқамай, неге сонша селқостық танықтаны тергеу кезінде белгілі болмақ.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Қытай дәрігерге коронавирус симптомымен ерікті түрде қаралғандарға ақша береді

Келесі жаңалық

Нью-Йорктегі атақты жұлдыздар галереясына Димаштың да суреті қойылды

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
833
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
792
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
932
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
373
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Нью-Йорктегі атақты жұлдыздар галереясына Димаштың да суреті қойылды

Нью-Йорктегі атақты жұлдыздар галереясына Димаштың да суреті қойылды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
915
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
932
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
833

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
833

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
792

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
932

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
132

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.