Шығыс Қазақстан облысында ауыр жүк көлігі мен мектеп оқушыларына лық толған жолаушылар автобусы бетпе-бет соқтығысты. Сегіз бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Қоғамдық көлікте Шемониха ауданына жарысқа бара жатқан 35 оқушы отырған. Балалар мінген автобусты жол патрульдік полицясының көлігі бастап бара жатқан екен. Болжам бойынша, Howo жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып, жолға көлденең тұра қалған. Оған автобус келіп соғылады. Апаттан автобустағы 8 бала зардап шекті. Оның біреуінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.
«Бір қыз баланың жағдайы ауыр. Бас сүйегі сынған, жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің аяғы сынған. Тағы екеуінің миы шайқалған. Қалғандарының жағдайы орташа, өмірлеріне қауіп жоқ», – деді Өскемен қалалық Ана мен бала орталығы директорының орынбасары Милана Хамитова.