Дүйсенбі, Наурыз 1, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Алматыдағы «қарттарға тамақты еденге қойып беретін» мекеме тексерілді

Ақпан 21, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Алматыдағы «қарттарға тамақты еденге қойып беретін» мекеме тексерілді
Поделиться на Facebook

Алматыдағы қарттар үйіндегі жандарға асты еденге, әжетхананың қақпағына қойып береді. Ал қарсылық танытқан қарттарды тыржалаңаш шешіндіріп, еденге жатқызып қояды. Қала әкімінің есеп беру жиыны кезінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын Виктория Баженова осындай мәлімдеме жасап, Бақытжан Сағынтаевтан араша сұраған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі «Евразия» арнасына сілтеме жасап.

Виктория Баженованың айтуынша, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қарттардың көрген күні осы. Ол 4 жылдан бері осындағы қызметкерлердің біраз кемшіліктерін анықтап, оны ғаламторға жариялап келеді. Осы әрекеті үшін оны мұндағылар бірнеше мәрте соққыға да жығыпты.

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

№3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тұрғынының мұндай мәлімдемесі Алматы әкімін де, жұртшылықты да елең еткізді. Сондықтан, қала басшысы  өзі барып, қарттар үйіндегі жандардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Бақытжан Сағынтаев, алдымен әлеуметтік мекемені аралап, мұнда тұратын жандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Бірі қолөнермен, екіншілері тастыаяқ (бильярд) ойнап жатыр. Жеке бөлмелерге де кіріп, өздігінен жүре алмайтын қарттардың халін сұрады. Бір қарағанда барлығы жақсы болып көрінгенімен Виктория Баженова мүлде олай емес, дейді. Бірнеше жылдан бері талай олқылықты өз көзімен көріпті.

«Ешқандай шара қолданбағандықтан мен ғаламтор, ютуб арқылы сізден, Президенттен көмек сұрауға мәжбүр болдым. Видеода асханадағы кемшіліктенден бастап, қызмет көрсетуге дейін барлығы бар. Қарт кісіге асты еденге қойып беріп, оған осылай ыңғайлы дейді», – деп шағымданды Виктория Баженова.

Әкім қарттар үйіндегі қариялармен де әңгімелесіп, пікірлеріне құлақ асты. Барлығы бірдей осында көрсетіліп жатқан қызмет түрлеріне дән риза екендерін жеткізді. «Үйде көрмеген жақсылықты осында көріп жатырмыз», деп қариялар ағынан жарылды.

Барлығы Виктория Баженов мен жұмыстан қуылған тіс дәрігері Жақсылық Өтеуовке наразы.

«Ішкен құдығыңа түкірме» деген. Егер жаман болса, тұрмасын бұл жерде мысалы жаман дейтіндер. Мен сөйтіп ойлаймын өз басым. Бұл жерде жаман болса, ешкім қарамайтын болса. Құдайға шүкір, бұл жерде доктор да бар, анализді де осы жерден келіп алып кетеді. Бұрындары 10 поликлиникаға баратын едік. Жатқан жерімізге азанда әкеліп тастап кетеді, келеді де өдері жинап алып кетеді. Еш жаққа жүгірмейміз», – дейді мекеме тұрғыны Адасгүл Аққұлова.

№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ортағының тағы бір тұрғыны Айымтөре Тайгарина бұл мәселенің тезірек біткенін қалайтынын жеткізді.

«Кеше телевизордан көріп, давлениемыз көтеріліп, жылап-еңіреп телевизордың алдында. Қолдан келетін ештеңе жоқ. Енді сізді Алла тағала әшейін жіберген жоқ шығар. Осыменен бітер осы. Жақсылықпенен бітсінші, құлыным. Жаңағы жұрттың айтып жатқанының барлығы дұрыс. Енді ол кісі неге сондай әрекет жасап жатыр, сондай былыққа барып жатыр. Бүкіл Қазақстанға бізді телевизордан көрсеткізіп», – деді ол.

Ал әлеуметтік мекеме басшылығы өздеріне шығым түсіргендердің пікірлерімен келіспейді. Айтуынша Виктория Баженов 4 жыл ішінде мекеме директорының үстінен 2 мың шағым түсіріпті. Ол жүйкесі сыр бергендіктен бірнеше мәрте ауруханаға жатып шығыпты. Ал тіс дәрігері Жақсылық Өтеуов өз міндетін дұрыс атқармағандықтан жұмыстан қуылыпты.

«Бұл жерде барлық қызметтерді көрсетеміз, 4 мезгіл тамақ береміз. Және мейірбикелер күндіз-түні қарайды. Палата жуушылар өз қызметтерін дұрыс атқарады», – №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ортағының директоры Раиса Сыпабекова.

Екі тараптың пікірлерін тыңдаған әкім, мұнда барлығы жақсы екеніне сене қоймады, сондықтан арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізетінін мәлімдеді.

Бөлісу62ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Көліксіз жүруді елестете алмаймын»: 90 жастағы Матрёна әже әлі көлік айдап, нәпақасын тауып жүр

Келесі жаңалық

Димаш татар қызына ән арнады

ҰқсасЖаңалықтар

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады
Қазақстан

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Ақпан 28, 2021
39
Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады
Қазақстан

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Ақпан 28, 2021
53
Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті
Басты жаңалықтар

Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті

Ақпан 28, 2021
164
Кейуана 2 жасар немересін асқан айуандықпен өлтірді
Басты жаңалықтар

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
236
«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста
Басты жаңалықтар

«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста

Ақпан 28, 2021
10
Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
403
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Димаш татар қызына ән арнады

Димаш татар қызына ән арнады

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
403
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
336
Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.7k
Кейуана 2 жасар немересін асқан айуандықпен өлтірді
Басты жаңалықтар

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
236

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Ақпан 28, 2021
39

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Ақпан 28, 2021
53

Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті

Ақпан 28, 2021
164

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
236

«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста

Ақпан 28, 2021
10

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
336
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.