Сенбі, Наурыз 6, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Алматыда адамдарды қойша қаққан ағайындылар сотталды

Ақпан 19, 2020
Қазақстан, Басты жаңалықтар, Қоғам
Алматыда адамдарды қойша қаққан ағайындылар сотталды
Поделиться на Facebook

Алматы соты қаланың қақ ортасында қос бірдей көлікпен ойран салып, адамдарды таптаған ағайынды жігіттерге үкім кесті. Үш бірдей адамды қасқана қаққан Дінмұхаммед Әлекеев 11 жылға бас бостандығынан айрылса, оның ағасы Жандос алдағы 4 жылын темір торда өткізуі тиіс. Ағалы-інілі азаматтарға «бұзақылық» және «кісі өлтіруге оқталу» баптары бойынша айып тағылған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ал сот залында айғайға басқан айыпталушының туыстары үкіммен келіспеді. Олар жап-жас жігіттерге судья «тым ауыр жаза кесті» деп есептейді. Күллі жұрттың назарында болған ағайынды Әлекеевтер сотында әдеттегідей журналистердің қарасы қалың. Айыпталушылар орындығында бір үйдің екі баласы – Дінмұхаммед пен Жандос. Оларды қолдауға соңғы процесске туыстары мен достары түгел келген. Судья бірден үкімді оқуға кірісті.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

«Әлекеев Дінмұхаммедті айыпты деп танылып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылсын, жазасын қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Жандос Әлекеев айыпты деп танылып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылсын, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін», – деді судья Еркін Майшинов.

Сот барысында қара көлікті тізгіндеген 20 жастағы Дінмұхаммедтің адам өлтіруге оқталғаны дәлелденсе, ақ көліктің рөлінде болған 24 жастағы Жандос «бұзақылық» бабымен түрмеге тоғытылды. Үкімді естіген Әлекеевтің туыстары жылап-сықтап, айғайға басты. Ауыр жаза арқалаған жігіттер де өзін ұстай алмай, эмоцияға ерік берді. Естеріңізге салсақ, әлеуметтік желіні шулатқан жаппай төбелес жарты жыл бұрын болған. Алматының қақ ортасында көліктерімен ойран салған ағалы-інілі Әлекеевтер үш адамды қасақана тапап кеткен. Көлік астында қалғандардың екеуі басынан жараланса, біреуінің аяқ-қолы сынған. Бірақ жанжалдан жапа шеккен жігіттер кешірім беріпті. Сондықтан сотталушылардың адвокаты «судья кескен жаза тым ауыр» деп есептейді.

«Әлекеев Дінмұхамедтің іс-әрекетінде 99-баптың қылмыс құрамы жоқ. Прокурор оның іс-әрекетін дұрыс сараламаған. Әлекеев Жандос Көпбосынұлының бұзақылық бойынша ешқандай қылмыс құрамы жоқ. Біздің ойымызша, ол да заңсыз. Сот үкімі тым қатал», – деді адвокат Қайрат Шоқанов.

Екі топ арасындағы төбелес күні ағалы-інілі Әлекеевтер Әлихан есімді бауырының туған күнін тойлапты. Төл мерекесі төбелеске ұласқан жігіт кикілжіңде туыстарының арам пиғылы болмағанын жеткізді.

«Жандостың кішкентай баласы бар. Дінмұхаммед жиырма жасқа енді толды. Отбасының асыраушылары. Тергеу жұмыстарына көңіліміз толмайды. Адвокатымыздың дәлелдерін судья ескермеді», – деді сотталғандардың туысы Әлихан Нарбеков.

Осыған дейін прокурор ағайындыларға 15 жыл жаза кесуді сұраған. Ал айыпталушылар өткен іске өкініп, қылмысқа қасақана бармағанын айтқан еді. Бәрінен бұрын екі бірдей ұлының абақтыға аттанғаны анасының жанына қатты батты. Сот залынан есеңгіреп шыққан ол алдағы уақытта апелляцияға жүгініп, балаларының жазасын жеңілдетуге тырыспақ.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Мың бөлке нан пісіріп әкелдік: Қырғызстандық дүнгендер Қазақстанға азық-түлік пен ақша тасуда

Келесі жаңалық

Тәжік азаматы коронавирус туралы әзілі үшін 7 жылға сотталуы мүмкін

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
8
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
8
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
57
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
9
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
2
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
193
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Тәжік азаматы коронавирус туралы әзілі үшін 7 жылға сотталуы мүмкін

Тәжік азаматы коронавирус туралы әзілі үшін 7 жылға сотталуы мүмкін

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
193
Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды
Қылмыс

Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды

Ақпан 3, 2021
4.4k
Инспектор жігіттер алып қашып бара жатқан жас қызды құтқарып қалды
Әлем

Инспектор жігіттер алып қашып бара жатқан жас қызды құтқарып қалды

Ақпан 4, 2021
1.5k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
57

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
8

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
8

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
57

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
9

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
47

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
2
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.