Әнші Динара Сұлтан ақпан айының 16 жұлдызында маңдайы торсықтай атұстарды дүниеге әкелді. Осы күнге дейін үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған өнер иесі, жағымды жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Адамнан адам шығу оңай емес. Қош келдің, ұлым! Алла Ұлық», – дейді ол.
Жас ананың қуанышына Тоқтар мен Бейбіт, Айнұр Тұрсынбаева, Жазира Байырбекова, Маржан Арапбаева, Гүлнұр Оразымбетова, Мөлдір Әуелбекова сынды өнердегі әріптестері ортақтасып, оқырмандары ақ тілектерін арнады.
Иә, жыл басынан бірқатар өнер өкілдерінің шаңырағы бір жанға толығып, шілдехана, бесік той аталып өткені бар. Десе де Динара Сұлтан отандық шоу-бизнестегі көп балалы аналар көшін бастап тұрғаны анық.