Дүйсенбі, Қаңтар 25, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Білім

Жүргізуші куәлігі мен диплом eGov қосымшасында пайда болуы мүмкін

Ақпан 7, 2020
Білім, Авто, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Жүргізуші куәлігі мен диплом eGov қосымшасында пайда болуы мүмкін

Сурет: https://karmakshy.gov.kz/

Поделиться на Facebook

Жүргізуші куәлігі, диплом және техникалық төлқұжат eGov мобильдік қосымшасында пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Цифрлық даму министрі Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен өткен Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай ұсыныс айтылды. «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов мемлекеттік орган өкілдеріне азаматтардың мобильдік қосымшаға енгізілген құжаттарының тізімін кеңейтуді ұсынды.

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

«Бүгінгі күні азаматтар eGov мобильдік қосымшасынан өзінің жеке куәлігін көре алады. Егер өзімен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы болмаған жағдайда, мобильдік қосымшадағы құжатты пайдалана алар еді. Дәл осындай принциппен диплом, жүргізуші куәлігі, техникалық төлқұжат және басқа да құжаттарды орналастыруға болады», – деді Әсет Тұрысов.

Ведомствоаралық комиссияның төрағасы, цифрлық даму министрі Асқар Жұмағалиев бұл идеяны жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

«Біз өз тарапымыздан мемлекеттік органдарға барынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Азаматтың барлық құжаттарының бір қосымшада орналасуы өте ыңғайлы болар еді. Осыған орай, мемлекеттік ұйымдардың цифрлық құжаттарды түпнұсқамен тең дәрежеде қабылдау мәселесін шешу қажет», – деді министр.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Басқарма төрағасы Әсемгүл Балташева өз кезегінде, ХҚО-да азаматтар жеке куәлігінің түпнұсқасын ұсынбай-ақ, оны eGov қосымшасы арқылы көрсете алатынын айтты. Комиссия отырысында сондай-ақ алдағы жұмыс жоспарлары талқыланып, мемлекеттік қолдау және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру шараларын мерзімінен кешіктірмеу, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін уақтылы интеграциялау қажеттігі айтылды.

Цифрлық комиссарлар көтерген мәселелер де талқыланды. Атап айтқанда, комиссия жеке куәлікті онлайн ауыстыру қызметіне баса назар аударды. Қызметті онлайн көрсетуден бас тарту көрсеткішінің 80%-ы пайдаланушылардың сапасыз фото ұсынуына байланысты. Осы орайда, Асқар Жұмағалиев қызмет көрсетушіге бұл мәселені шешу жолдарын «ҰАТ» АҚ-мен бірлесе пысықтауды тапсырды.

«Әріптестер, егер 100 өтінімнің 80-і фотоның сапасыз болуына байланысты қабылданбайтын болса, онда бұл мәселені шешу қажет, анықтау керек», – деді Жұмағалиев.

Бұл ведомствоаралық комиссияның 57-ші отырысы екенін айтып өткен жөн. Комиссия қабылдаған шешімдер мен мемлекеттік органдар жүргізген жұмыс нәтижесінде 231 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды және оңтайландырылды. Осының есебінен талап етілетін құжаттардың орташа пакеті 30%-ға азайып, қызмет көрсетудің орташа мерзімі 3 есе (31 күннен 10 күнге дейін) қысқарды.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда бас мүфти ауысты

Келесі жаңалық

Әйел өзін бензин құйып өртеп жіберген күйеуін кешіре салды

ҰқсасЖаңалықтар

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
36
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
13
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531
Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті
Әлем

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
206
Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Әлем

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Әйел өзін бензин құйып өртеп жіберген күйеуін кешіре салды

Әйел өзін бензин құйып өртеп жіберген күйеуін кешіре салды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.7k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.6k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
36

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
13

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
206

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.