Сейсенбі, Қаңтар 19, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Аспан асты елінің Қазақстандағы елшісі: Қытайға күйе жағуды жалғастырып жатыр

Ақпан 6, 2020
Қазақстан, Саясат
Аспан асты елінің Қазақстандағы елшісі: Қытайға күйе жағуды жалғастырып жатыр
Поделиться на Facebook

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Қазақстанды “Шыңжаңдағы мұсылмандарды қудалап жатқан Пекинге қысым жасауға шақырған” мәлімдемесін сынады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Үш жылдан бері Қытайдың Шыңжаң өлкесінде ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар, татарлар және басқа да мұсылмандарды қудалап, “саяси тәрбиелеу орталықтарына” жіберіп жатқаны айтылып келеді. Қазақстанда да жүздеген адам туыстарының Шыңжаңда қамауда отырғанын айтып, биліктен көмек сұраған.

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді

Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.

4 ақпанда Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің сайтында Чжан Сяоның мәлімдемесі жарияланып, онда “Помпеоның сөзі Қытай тарапы күткендегідей болды” деп жазылған. Елші “бұл – Помпеоның Қытайға қарсы кезекті қолдан ұйымдастырған спектаклі” деп сынады.

Чжан Сяо Шыңжаңда мұсылмандардың қудалау көріп жатқанын жоққа шығарып, қудалау жайлы ақпараттарды “күлкілі” деп атады.

“Шыңжаң жайлы негізгі деректерге назар аудармай, Қытайға күйе жағуды жалғастырды. Осылайша Помпео әлемге өзінің идеологиялық долбарлары мен жансақ пікірлерін көрсетті” деді елші.

Чжан Сяо “АҚШ аймақтағы алауыздықты қоздырып, өзінің монополиясын орнатқысы келеді” деп сынады.

“Помпео мырзадан сұрағым келеді, сіздер Қазақстанда бір шақырым жол төсеп я бір көпір салдыңыздар ма? Егер шынымен қазақстандықтарға жандарыңыз ашыса, Қазақстанның ең табысты саласы мұнайға ғана көңіл бөлмей, Қазақстанның индустриясы мен инфраструктурасына да ақша құюға назар аударсаңыздар етті. Қытай сияқты елдің жергілікті экономикасына ақша құюға дәттеріңіз жете ме? Олай жасай алмасаңыздар, қазақстандықтарға қарата айтқан сөзіңіз екіжүзділік болмақ” деп жазды Қытай елшісі.

2 ақпанда Помпео Нұр-Сұлтанға жасаған сапарында Қазақстанның ресми билігімен және Қытайда жақындарымыз қамауда отыр деген қазақтармен кездескен.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Нұр-Сұлтанға келгенінде Қазақстан билігінің Қытайдан қашқандарға қол ұшын беруге шақырып, осыған дейін Шыңжаңнан қашып келгендерді кері қайтармағаны үшін алғыс айтқан.

Бұдан бөлек, Помпео Қазақстан билігін “Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым жасап жатқан Қытайға АҚШ-пен бірлесе отырып қысым жасауға шақырған”.

Екі жылда Қазақстанға Қытайдан бес этникалық қазақ қашып келген. Олардың барлығы шекара бұзып өткен. Қытай қазақтары “Шыңжаңдағы қысымнан қашқандарын, Қытай тарапы Қазақстанға өткізбей қойғандықтан шекара бұзғандарын” айтқан. Қазақстан билігі оларды шартты жазаға және алты айға түрмеге қамаған, бірақ елде қалдырған.

Қытайдан қашқандардың бірі Сайрагүл Сауытбай сотта Шыңжаңдағы мұсылмандардың қудалау көріп, лагерьге қамалып жатқанын айтқан. Сот Сауытбайды елде қалдырғанымен, Қазақстанда ол босқын мәртебесін ала алмады. Сауытбай қазір отбасымен Швецияда тұрып жатыр.

Шыңжаңдағы лагерьлерден шыққандар да әлемдік басылымдарға онда көрген қорлықтары мен қиындықтары жиі айтып келеді. Олардың біразы Қазақстанда тұрады.

Халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Пекинді Шыңжаңдағы саясатын көп сынаған. Қытай билігі алғашында “қайта тәрбиелеу лагерьлері” барын жоққа шығарып келді. Кейін мұндай орталықтардың барын мойындап, оны “кәсіп үйреніп шығатын орталық” деп атады.

Былтыр БҰҰ Шыңжаңдағы лагерьлерде миллионға жуық мұсылман қамауда отыр деп мәлімдеген. Пекин бұл статистиканы жоққа шығарып, Батыстың Қытайдың ішкі ісіне араласуы деген.

Шыңжаңда қазақтарды қудалап жатыр деген хабардан соң Қазақстанда Қытайға қарсы көңіл-күй күшейіп, елде былтыр күзде «Қытайдың Қазақстандағы 55 жобасына» қарсы наразылық шаралары өткен. Бұл наразылыққа қатысқан біраз белсенді «митингіге рұқсат алмады» деп айыпталып, айыппұл алған я бірнеше тәулікке қамалған.

Бөлісу15ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Назарбаевтың экс-күйеу баласы көз жұмды

Келесі жаңалық

Түркиядағы ұшақ апаты: Ішінде 2 қазақстандық болған

ҰқсасЖаңалықтар

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді
Денсаулық

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді

Қаңтар 18, 2021
4
Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.
Шоу-бизнес

Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.

Қаңтар 18, 2021
9
Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді
Денсаулық

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді

Қаңтар 18, 2021
28
4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды
Қылмыс

4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды

Қаңтар 18, 2021
161
Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін
Бокс және ММА

Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
137
«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты
Өмір

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
370
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Бір адам өлді: Стамбұлда 177 жолаушысы бар ұшақ құлады

Түркиядағы ұшақ апаты: Ішінде 2 қазақстандық болған

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
4.1k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
1.2k
«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты
Шоу-бизнес

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
990
«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр
Шоу-бизнес

«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр

Желтоқсан 27, 2020
4.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді

Қаңтар 18, 2021
4

Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.

Қаңтар 18, 2021
9

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді

Қаңтар 18, 2021
28

4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды

Қаңтар 18, 2021
161

Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
137

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
370
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.