Дүйсенбі, Қаңтар 25, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

«Аузыңды ашсаң, көресіні көресің»: Түркістан облысында зорландым деген бала шындығын баяндады

Ақпан 6, 2020
Қазақстан, Басты жаңалықтар, Қылмыс, Оқиға, Өмір
«Анам маған сенбеді»: 19 жастағы қыз өзін әкесі зорлап тастағанын айтты
Поделиться на Facebook

Түркістан облысында осыдан екі жыл бұрын зорландым деген оқушы ақиқатын жалпақ жұртқа енді жариялады. Мектеп дәретханасында ол өзінен жоғары сыныпта оқитын балалар жыныстық сипаттағы күш қолданғанын айтып отыр. Анасы полицияға арыз жазғанмен, артынан жан-жақтан қысым көріп, Алматыға қашып келген көрінеді. Қоғам белсенділерінің араласуымен жабылған іс қайта қозғалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазығұрт мектебіндегі  қорқынышты оқиғаның болғанына екі жылдың жүзі толды. Оқушы «зорландым» деген дәретхана. Далада тұрған соң, мұндағы «әлемнің» әлегін бәрін біле бермейді. Зәбір көрген жеткіншек ішке тұншыққан ойын екінші рет зорланғанда ғана анасына айтқан.

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

«Мектеп дәретханасында оған сегіз бала қысым көрсеткен. Ұлымның айтуынша, арасындағы біреуі зорлық жасап, қалғаны «аузыңды ашатын болсаң, көресіні көрсетеміз» деп аяусыз ұрып-соққан. Сорақысы сол, бұл жайт араға ай салып қайта қайталанды. Арыз жаздым. Бірақ кейін түрлі қысым болды. Ауыл ақсақалдарына дейін «арызыңды ал» деп араласқан соң, Алматыға кетіп қалдық», – деді жәбірленушінің анасы.

Соңғы бір жарым жылдан бері олар Алматыдан пана тапты. Жантүршігерлік жайтты естіген еліміздің бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин қанатының астына алып, тәуелсіз сараптама жасап, оқушының зорлық құрбаны болғаны дәлелденді.

«Біздің заңгерлер баланың анасына Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігіне, Президент әкімшілігіне арыз жазуға көмектесті. Содан соң бұл іс қайта жанданып, ауданнан облыстық полиция департаментіне өтті. Одан бері бір жарым жыл өтті. Бізге осындай зорлық құрбандары, куәлерді қорғайтын арнайы бағдарлама қажет. Қақпаған есігіміз қалмады. Осы оқиға бойынша әділетке еш қол жеткізе алмай келеміз», – деді ҚР Бала құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин.

Облыстық полиция департаменті бар жағдайдан құлағдар. Істің о баста жабылуын анасы баласының сөзін жоққа шығарып, арызды қайтып алғанымен байланыстырады.

«Сол күні кәмелетке толмаған баланың анасы өз қолымен қылмыстық істі тоқтау туралы өтініш жазып, қандай да бір сот сараптамасын өткізуден бас тартатыны туралы арыз жазған. Сот-медициналық сарапшыларының қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денесінде қандай да бір дене жарақаты анықталмаған», – деді Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Мектеп басшылығы да әлімжеттік жоғын айтып ақталады. Оқушының өзін қорлағандарды «көрсет» дегенде, ешкімді тани алмағанын алға тартады. Тіпті сабаққа бармау үшін «осындай өтірік айтуы мүмкін» дейді директор.

«Тергеу амалдарының барысында мектептің көрсеткен оқушылары, жоғары сынып оқушылары 8-9-10 сынып оқушылары көзсізден өткізіліп, оның ішінде «мына бала» деп ешкімді атап көрсете алмады. Мүмкін ол ата- анасынан қорыққанынан айтқанынан болуы мүмкін, «мені зорлады» деп. Әйтпесе мектепте бір дәліздің бойында, қуыста қалып кететін бала жоқ», – деді мектеп директоры Бұқарбай Әлімбаев.

Бірақ директор айтқан пікірге анасының келіскісі жоқ. Сабаққа бармау үшін «зорлады» деп өтірік айту еш қисынға келмейтінін айтады. Осы оқиғадан кейін психикасы бұзылған баласын одан бетер түнекке түсірмеу үшін қоныс аударуға «мәжбүр болдым» дейді. Сегіз оқушының құрбаны болдым деген жасөспірмінің жүрегіндегі жара әлі жазылмады.

Жаңа мектепке барғанмен, өз қапасына қамалғандықтан, томаға-тұйық көрінеді. Алабұртқан ана көңілі бұл істің бармақ басты, көз қыстымен қайта жабылмауын қалайды. Айтуынша,зорлық көрсеткен кейбір оқушының ата-анасы белді қызметте екен. Ал іс қайта қозғағалы арада бір жарым жыл өткенмен, сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр.

Бөлісу11ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Бір адам өлді: Стамбұлда 177 жолаушысы бар ұшақ құлады

Келесі жаңалық

Назарбаевтың экс-күйеу баласы көз жұмды

ҰқсасЖаңалықтар

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
36
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
13
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531
Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті
Әлем

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
206
Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Әлем

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Назарбаевтың экс-күйеу баласы көз жұмды

Назарбаевтың экс-күйеу баласы көз жұмды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.7k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.6k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
36

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
13

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
206

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.