Дүйсенбі, Наурыз 1, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Министр зейнетақы жинағындағы ақшаны кімдерге алуға болатынын түсіндірді

Ақпан 3, 2020
Қазақстандағы зейнетақы, Ақша, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
1 қаңтардан бастап жалақысы аз азаматтарға несие берілмейді

Сурет: inbusiness.kz

Поделиться на Facebook

Қазақстанда екі категорияға – жұмыс істейтін азаматтар мен зейнет жасына жеткендерге зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік берілуі мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағына қатысты үкіметтің ұсыныстарына толығырақ тоқталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

«Біріншіден, жұмыс істеп жүрген азаматтарға «жеткіліктілік шегінен» асатын соманы жеке мақсатта жұмсауға мүмкіндік беру. «Жеткіліктілік шегі» деген әр азаматтың қордағы жинағының сомасы өмірінің соңына дейін елдегі ең төменгі зейнетақыдан кем емес зейнетақы алып тұруға жетуі тиіс. Оны ешкім белгілемейді, есептеу керек», – деді Нұрымбетов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Екінші категория, министрдің сөзінше, зейнет жасына жеткендер. Қазір бұл азаматтар зейнетақы қорындағы ақшасын тек ай сайын ғана ала алады.

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

«Біз оларға зейнетақы жинағының 50 процентін беруді ұсындық. Бір ғана шартпен: ол кісінің қорында қалған ақшасы және мемлекет тарапынан алатын базалық зейнетақысы мен еңбек зейнетақысын қосқанда, ең аз дегенде, табысының 40 процентінен кем болмауы керек», – деп түсіндірді ол.

Ведомство басшысы зейнетақы реформасы жөніндегі жұмыс тобының ұсыныстарын президент әкімшілігі қарап, мемлекет басшысына ұсынылғанын айтты. Президент жалпы ұсыныстарды қолдап, оны іске асыру жөніндегі тетіктерін әрі қарай пысықтау туралы тапсырма берді.

«Біздің мақсат жинақтардың бәрін таратып беру емес, азаматтардың қарттығын қамтамасыз ету, жалақысын көлеңкеден шығару. Президент үкімет пен ұлттық банкке кезең-кезеңімен осы мүмкіндікті беруге болатын азаматтардың ортасын кеңейтуді тапсырды», – деді Нұрымбетов.

Министрдің ақпаратынша, қазір зейнетақы қорында қазақстандықтардың 10,4 миллиард теңге жинағы, 9,9 миллион зейнетақы есепшоты бар.

Салымдардың мөлшеріне келсек, 53%-і – 500 мың теңгеге дейін ғана. 16%-і 500 мың мен 1 миллион теңгенің арасында. 15%-і – 1 миллионнан 2 миллион теңгеге дейін.

«Яғни, салымшылардың 84 процентінің жинақтары 2 миллион теңгеге дейін ғана. Осыны ескере отырып, үкіметтің ұсынысы – жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру. Оған бірнеше себеп бар. Біріншісі, ол, әрине, біздің жинақтаушы жүйе әлі жас, 21 жыл ғана болды. Дамыған елдерде мұндай жүйенің қалыптасуына 35-40 жылдай керек. Екіншіден, халықтың табысының төмендігі. Үшіншісі, зейнетақы жарналарының төленбеуі. Келесі проблема, инвестициялық табыс», – деді министр.

Бөлісу16ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Ақтөбеде қалыңдық өз тойына «снегоходпен» келді

Келесі жаңалық

Әдейі улаған: 5 бірдей нәрестеге қастандық жасаған медбике ұсталды

ҰқсасЖаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін
Басты жаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
69
«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды
Әлем

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
10
Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді
Әлем

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
75
Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті
Басты жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
4
Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды
Басты жаңалықтар

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
6
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Алексей Цой: Дәрігерлердің орташа жалақысы 2023 жылы 561 000 теңгені құрайды

Наурыз 1, 2021
17
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Әдейі улаған: 5 бірдей нәрестеге қастандық жасаған медбике ұсталды

Әдейі улаған: 5 бірдей нәрестеге қастандық жасаған медбике ұсталды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
447
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
380
Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.8k
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
69

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
10

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
75

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 2021
107

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
4

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
6
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.