Өзара келісіп алған екі жігіт өз қылмысының құрбанын ұрлап кетіп, аяусыз соққыға жыға одан ақша талап еткен. Алайда, полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстап, іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізілді. Нәтижесінде екі бұзақыға сот үкім шығарып, оларды бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Елорданың аудандық сотының баспасөз қызметі екі азаматтың өзара келісіп, қылмысын алдын ала жоспарлап қойғанын мәлімдеді. Олар өз құрбанының бостандығынан айырып, оған күш көрсете ақша талап еткен.
Жүргізілген тергеу жұмыстары кезінде сотталушылардың кінәсі дәлелденген болатын: сот олардың әрқайсысын алты жылға бас бостандығынан айырды. Олар өз жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. Іс Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 126 және 194 баптарының бірнеше пункттері бойынша қарастырылған.
Ведомствоның хабарлауынша, сот үкім шығарарда сотталушылардың біреуінің кішкентай баласы бар екенін ескерген. Оған қоса, олардың екеуі де бұған дейін қылмыстық әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылып көрмеген.
Сонымен қатар олардан қылмыс құрбанына жарты миллион теңге көлемінде ақша тәркіленді.