Жұма, Қаңтар 22, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Өмір

Қазақстандық көріпкел коронавирустың емін тапты

Қаңтар 30, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Ғылым, Денсаулық, Қазақстан, Қоғам, Медицина
Қазақстандық көріпкел коронавирустың емін тапты
Поделиться на Facebook

Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғыны Бейне Қаржаубаева аты жаман аурудың бетін қайтармақшы. Ол жаңа вирусты тылсым күштің әсерімен жоқ қыла алам дейді. Бүкіл әлем короновирусқа қарсы вакцина таба алмай жатқанда, отандасымыз қандай амал тапқан? Бұл туралы Neonomad.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейне Қаржаубаева Төле би ауданындағы Зағамбар деп аталатын ауылда тұрады. 39 жастағы тұрғын соңғы 15 жылдан бері көріпкелдік және емшілікпен айналысады. Өн-бойына дарыған қасиетті тылсым-күштің әсерімен жүзеге асырады екен. Яғни, әруақтармен тікелей байланысқа шығады. Сөйтіп, кез-келген нәрсені айна-қатесіз айтып беретін көрінеді. Аспа асты еліндегі дерттің жайын да ол осы арқылы біліпті.

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

«Емі жыланның 1 грамм уына жұмыртқаның екі ақ уызын қосып, сырқат адамның денесіне жағу керек. Тамағына, өкпе тұсы, денесіне күніне екі реттен жағу керек. 1-2 ай бойына осы емді қолдану керек. Сол кезде нәтижесі болады, жазылады деген маған мәлімет келді», – деді көріпкел-емші Бейне Қаржаубаева.

Әзірге, емшінің бұл «жаңалығына» құлақ асқан жан жоқ. Егер ықылас танытып, ниет білдірген мамандар болса, Бейне қол ұшын созуға дайын. Әрі ем-домының дүниені шулатып жатқан дертке шипа болатынына кәміл сенеді

«Тылсым күш деп түсінемін өз басым. Сосын ол адам жайлы маған айтады, нақты мәлімет береді. Осындай-осындай деп. Денсаулық жағынан жазылады не жазылмайды деп. Мынандай ем қолдансын деп. Кейбір адамдар өкінішке қарай, қайтыс болады деген де мәліметтер келеді. Денсаулығы жағынан барлық жағынан. Сосын мен келген жауапты әлгі адамның өзіне түсіндіріп айтамын», – деді емші.

Бейне өн бойына дарыған көріпкелдік пен емшілік қасиетті марқұм анасының туыстарынан тарағанын айтады. Нағашы атасы кезінде атақты емші болыпты. Ал, қандай да бір мәселеге қатысты кез келген сауалдың жауабы оның құлағына ғайыптан келетін көрінеді. Нақты кімнен екенін өзі де білмейді. Тек, болжамынша марқұм анасы секілді. Өйткені, ұялы телефонға түскен суретте анасының бейнесі сақталып қалыпты. Оны әкесі де растап отыр.

«Біз бұрын білмей қойғанбыз, Бейне десе сол атына сай болды. Қасиеті мынада, әруақтар, марқұмдар көрінеді оған. Үйде соткасында түскен селфиде анасы да түсіп қалған. Бірақ, анасы өмірден өтіп кеткен», – деді емшінің әкесі Ералхан Қаржаубаев.

Көріпкелдің есімі оңтүстік жұртына жақсы таныс. Кезінде өңірде сәбилер арасындағы ВИЧ дертінің таралуын және қырғыз еліндегі қақтығысты болжаған екен. Бірақ, мұндай батыл мәлімдемелерінен кейін кейбір күш-құрылымдары біраз әуре-сарсаңға салыпты. Ал, енді жаңа вирустың шипасын айтпасқа болмайды дейді.

– Құпия болмаса, еңбекақыңыз қанша? Қанша аласыз алдыңызға келген науқастан?

– Енді, ол жерде қатып қалған баға жоқ. Менікі сауда емес қой. Әрбір келген адам өзі біледі. Мен тек, барынша емдеп, жазып, көмегімді көпшілікке тигізу.

Қазір әлем Қытайдың Ухань қаласында тараған вирустан секем алып отыр. Гонконг ғалымдары оған қарсы вакцина ойлап таптық деп отыр. Алайда, оны әлі сынақтан өткізу керек екен. Ал түркістандық емшінің ойлап тапқан ем-домына медицина мамандары назар аудара ма, жоқ па, ол жағы әзірге беймәлім.

Бөлісу65ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Ұшқыштың жерлеу рәсімінде Bek Air басшысы тілшілерден тұра қашты

Келесі жаңалық

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны 160 мыңға дейін өсуі мүмкін

ҰқсасЖаңалықтар

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
219
Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді
Өмір

Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді

Қаңтар 21, 2021
73
800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды
Парламент

800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

Қаңтар 21, 2021
73
Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды
Қылмыс

Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды

Қаңтар 21, 2021
96
Әкімдік баннердегі суреті үшін ақша талап еткен әйелге жауап берді
Өмір

Әкімдік баннердегі суреті үшін ақша талап еткен әйелге жауап берді

Қаңтар 21, 2021
21
Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді
Өмір

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны 160 мыңға дейін өсуі мүмкін

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны 160 мыңға дейін өсуі мүмкін

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.3k
«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
219
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.1k
Тойы шетелде өтеді. Емші бала Ерболсын үйленгелі жатыр
Шоу-бизнес

Тойы шетелде өтеді. Емші бала Ерболсын үйленгелі жатыр

Қаңтар 10, 2021
679

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
219

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

Қаңтар 21, 2021
13

Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді

Қаңтар 21, 2021
73

800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

Қаңтар 21, 2021
73

«Тұншығып қалса ше?». Елордалық әкенің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Қаңтар 21, 2021
111

Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды

Қаңтар 21, 2021
96
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.