Сәрсенбі, Наурыз 3, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Сарыағашта 9 жасар бала соқырішекке жасалған отадан көзі көрмей, тілсіз қалды

Қаңтар 24, 2020
Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Сарыағашта 9 жасар бала соқырішекке жасалған отадан көзі көрмей, тілсіз қалды
Поделиться на Facebook

Сарыағашта тоғыз жасар бала соқырішекпен ауруханаға түсіп, мүгедек болып қалды. Алғаш отасы былтыр маусым айында болған Нұртас Балтабайұлына содан бергі  жеті айда жеті мәрте операция жасалған. Екінші ота кезінде дұрыс наркоз берілмей, басындағы тамырлары жарылып кеткен ұл содан бері көзі көрмей, тілден де қалыпты. Жасанды комаға түсірілген бала түтікшемен тамақтанып, екі есе салмақ  тастаған.  Ұлының күнгейде аяғынан тұрып кетуінен күдерін үзген анасы, Нұртасты Алматы, не Нұр-Сұлтанға жеткізуін талап етеді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

– Қошақаным, Нұртас. Бәрі жақсы болады, балам, иә Нұртасик.

Зәкира соңғы жеті айда ұлынан бір сәт ажырамайды. Себебі, төсекке таңылған бала мүлдем қимылсыз.  Сарыағаш ауданының тұрғыны Нұртас Балтабайұлы маусым айында соқырішегі жарылып ауруханаға түскен. Бірінші отадан кейін сөйлеп жатқан баланың ота жасаған жері қабынып, екі тәуліктен соң тағы операцияға алынады. Нағыз азап осыдан кейін басталған.

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

«Екінші операцияда наркозды дұрыс бермеді. Миының тамырлары, артқы ми тамырлары жарылып кеткен. Басы  екі есе үлкейіп, мен жан сақтау бөліміне кірген кезде ұлымды танымай қалғанмын. Көздері атыздай болып бадырайып, шарасынан шығып кетейін деді»,  – деді Нұртастың анасы Зәкира Әбенова.

Биыл үшінші сыныпқа баруы тиіс Нұртас оқуда үздік, мектептегі іс-шараларда да белсенді болыпты. Енді  зерек бала аяқ-қолы тырысып, айналада болып жатқан тірлікті қабылдаудан қалған. Анасы минут санап, мұрны арқылы тәртіппен тамақ беріп отыруға мәжбүр.

«Түркістан облысынан шығып, Нұр-Сұлтанға барсам екен. Астананың аты Астана. Неше мемлекеттен дәрігерлер келеді. Біреуі болмаса, біреуі консилиум жасап, көмек болып қала ма екен. Мысалы, басына операция болған жоқ», – деді Нұртастың анасы Зәкира Әбенова.

Сарыағаш ауруханасы санитарлық авиация арқылы мықты деген дәрігер-хирургтарды алдырыпты. Олар консилиум өткізіп, баланы Алматыға апару керек деп шешкен. Тек оған 30 келіден 16 келіге дейін азып кеткен Нұртас салмақ жинап, ішіндегі жаралары бітуі керек.

«Кешегі республикалық санавиациядан келген дәрігерлердің айтуы бойынша, ұзақ уақыт реабилитациялық іс-шаралар жүргізілуі керек. Оған баламызға қазір стома тұруына байланысты бірінші соны жауып, кейін баланы реабилитацияға өткізуіміз керек. Стоманы жабу туралы біз облыстық балалар ауруханасынан кеңес алып, қазір сол жаққа ауыстыруға құжат дайындап  жатырмыз», – деді Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бауыржан Оспанов.

Бас дәрігердің орынбасары кінә әріптестерінен екенін жасырмайды да. Бұл бойынша облыстық денсаулық сақтау департаменті тексеріс жүргізіп, 5 дәрігерге қатысты түрлі шара қабылдапты. Бірақ алғашқы екі отаны жасап, басты кінәлі делінген хирург Абай Түймебаев бірнеше айдан кейін өз еркімен жұмыстан кетіп, басқа ауруханада жұмыс істеп жүр.

Сау баланы баланы мүгедек етті деген ата-ана дәрігерлердің үстінен полицейлерге жаздан бері арыз жазып келеді. Бірақ белгісіз себептермен «іс жабыла берді» дейді. Соңғы шағымды Нұртастың анасы бір ай бұрын Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жазыпты. Бірақ, бұл жолы да «іс жабылып кетуі мүмкін» деп қауіптенген баланың туыстары мән-жайды прокурорлар қадағаласын деп отыр.

Бөлісу21ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

13 жасар қызды дәретханада зорлады: Таразда педофил 25 жылға сотталды

Келесі жаңалық

Алматы облысында қыз алып қашқан 4 жігіт 7 жылға сотталды

ҰқсасЖаңалықтар

Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
112
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
528
20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін
Денсаулық

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
45
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
453
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
272
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Қазақстан

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Алматы облысында қыз алып қашқан 4 жігіт 7 жылға сотталды

Алматы облысында қыз алып қашқан 4 жігіт 7 жылға сотталды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
453
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Қазақстан

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
528
Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды
Қылмыс

Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды

Ақпан 3, 2021
4.3k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
112

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
528

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
45

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
453

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
272

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.