Сәрсенбі, Қаңтар 27, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Өмір

Астанада жұмысқа асыққан жұрт автобусты өздері итерді (видео)

Қаңтар 24, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Бейне, Қазақстан, Қоғам
Астанада жұмысқа асыққан жұрт автобусты өздері итерді (видео)
Поделиться на Facebook

Ақтүтек боран елорда көшелерін қар құрсауында қалдырды. Жол апаттары жиілеген. Полицейлер көліктерді қойып, автобустарға көшуге кеңес берсе, төтеншеліктер жұмыс уақытын қысқартуды ұсынуда. Қаладан шығар жолдар тарс жабылып, әуе рейстері кейінге шегерілуде. Бірақ оған қарамай жолға шығуды мақсат еткендермен тәртіп сақшылары барынша күресіп әлек, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.

Құлақ асқандардың кейбірі боранда адасқаны ма, әйтеуір, тротуардың үстіне көліктерін шығарып тұрып қойып қойыпты . Әдетте мынадай уақытта қалада көліктер кептеліп тұрушы еді. Бүгінгі күндері әдеттегіден аз, сонысына қарағанда кеңеске құлақ асқан сияқты.

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды

«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)

Жұмысқа асыққандар ол кезде Төтенше жағдайлар департаментінің ұсынысын естімеген еді әлі. Бүгін мектептерде сабақ түгелдей тоқтатылды.

«Мекемелерге айтатыным, әсіресе коммерциялық мекемелерге, бизнес-структуралар бар, құрылыс мекемелері бар. Солар қазіргі уақыттан бастап өздерінің жұмыстарын тежей тұруы керек. Егер мүмкіндік болып жатса, бүгінгі жұмыс күнін қысқарту керек», – деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов.

Қаладан шығар жолдар жабылды деп еді департамент басшысы. Посттардың біріне беттедік.Бұрқасын қардан расымен жол көрінбей кеткен кездер болды. Ақыры жеттік.

Елордадан шыға беріс жолдардың біріндегі жағдайды айтпаса да түсінікті. Қар борап тұр. Қалаға келе жатқан көліктерді кіргізіп жатыр, ал қаладан шыққысы келген жүргізушілерді полиция қызметкерлері барынша тоқтатуға тырысуда.

Ескерту мен шектеуге қарамастан трассаға шығағу асық болғандарды сөзге тарттық. Себебі әр түрлі. Бірі қаладан азық-түлік, бірі дәрі-дәрмек әкелу үшін келіп, шыға алмай қалған көрінеді.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by NUR SULTAN | ASTANA | АСТАНА (@v_astane_official) on Jan 23, 2020 at 12:02am PST

«Жолда тұрып қалған машиналар көп. Жан керек, қалаға беттедік. Екі күннен бері ешкім көмекке келмеді. Мен өзім әрең дегенде шығып, жәрдем сұрауға келдім. Біздегі тракторлардың соляркасы біткен шыға алмай жатыр», – дейді Қосшы ауылының тұрғыны Нұрсұлтан Қамұратов.

«Жібер деп сұрап жатқандар бар. Жолдың қолайсыздығына байланысты ешкімді жібермей тұрмыз. Адамдардың өзінің қауіпсіздігі ғой? Әрине, адамдардың өздерінің қауіпсіздігі. Қала тұрғындарынан сұрайтынымыз, бүгінше қаладан шықпай тұруын сұраймыз өйткені жол жабық тұр», – деді қалалық полицияның аға инспекторы Рахматулла Ержанов.

Көп ұзамай көзіміше бір қара көлік әй-шайға қарамай жолдың қарсы бетімен ытқып кетті.

Біраздан соң желіккен жүргізушіні полицейлер жетектеп әкелді. Протокол толтырамыз, дейді.

Қала сыртында ғана емес, іштегі көшелердің өзінде батып қалған автобустар бар. Жұмысқа асыққан жұрт оны қолмен итеріп, жолға шығарған. Біз сол қоғамдық көліктің рулінде болған жүргізушіні тапқан болатынбыз.

«Бір қыз бала капюшонын киіп ап, наушнигімен жол бермей, мені көрмей, сол адамды өткіземін деп тоқтап қалған кезде автобус тұрып қалды. Содан кейін пассажирлердің бәрі шығып, көмектесіп, автобусты итерісіп, әрмен қарай бағыт алдық», – автобус жүргізушісі Аскен Тоғаев.

Жел екпінінің күштілігін мына аялдама анық әспеттеп тұрғандай. Боран бір оның шатырын жұлып әкеткен. Әйтеуір автобус күтіп тұрған жолаушы жоқ сияқты.

Қалада 6 қар шығару полигоны бар екен. Екеуі ернеуінен асып толып кеткен. Қар көп. Қыс басталғалы 190 мыңдай рейс жасалып, 2 млн текше метрден артық қар шығарылды. 1 200-дей техника жұмыс жасауда. Оның өзі аздық етіп отырғанын әкім мойындап, халықты сабырға шақырды.

«Шамалы сабыр ету керек. Біз бүкіл күшімізді жұмылдырдық. Біріншіден, ең үлкен жолдарды тазалаймыз. Қоғамдық көлік жүретін жерлерді тазалаймыз, ол қазір күндіз-түні жасалуда. Жұмысты одан да күшейтеміз. Қазір жеке компаниялардың техникасын қосымша аламыз. Сонымен бірге біздің емхана, дәріхана немесе басқа да әлеуметтік нысандарға баратын жолдарды тазалаймыз. Содан кейін ішкі жолдарға барамыз. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біз сіздер үшін жұмыс жасап жатырмыз. Ұйықтамай, күндіз-түні жұмыс атқарамыз», – деп мәлімдеді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Ұшақпен жолға шыққандар да бөгелді. Елордалық әуежай қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін 11 рейс тоқтатылып, 38 кейінге шегеріліп отыр. Қазгидрометтің бүгінге дәл келген болжамы көңіл көншітпейді. Ақ түтек боран апта соңына дейін жалғасатын көрінеді.

Бөлісу6ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Мұғалім оқушының бетіне түкірген: Ақтаудағы мектепте жанжал шықты (видео)

Келесі жаңалық

Пойыз зейнеткердің аяғын кесіп кетті: Үйге қансырап еңбектеп барған

ҰқсасЖаңалықтар

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды
Өмір

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды

Қаңтар 27, 2021
8
«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)
Қазақстан

«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)

Қаңтар 27, 2021
10
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Қазақстандағы зейнетақы

Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды

Қаңтар 27, 2021
8
Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес
Бокс және ММА

Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес

Қаңтар 27, 2021
49
Қазақ қызы: Педофил әкем шайдың түсі ұнамай қалса да, анамды қан-жоса қылып ұрып тастайтын
Қылмыс

Маңғыстау облысында еркек көңілдесінің 10 жасар қызын сабап, зорлап тастады

Қаңтар 27, 2021
249
Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ
Басты жаңалықтар

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

Қаңтар 26, 2021
117
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Пойыз зейнеткердің аяғын кесіп кетті: Үйге қансырап еңбектеп барған

Пойыз зейнеткердің аяғын кесіп кетті: Үйге қансырап еңбектеп барған

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
2.4k
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
672
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
5k
Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді
Өмір

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
516

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды

Қаңтар 27, 2021
8

«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)

Қаңтар 27, 2021
10

Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды

Қаңтар 27, 2021
8

Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес

Қаңтар 27, 2021
49

Маңғыстау облысында еркек көңілдесінің 10 жасар қызын сабап, зорлап тастады

Қаңтар 27, 2021
249

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

Қаңтар 26, 2021
117
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.