Сейсенбі, Сәуір 13, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Жалғыз талым еді. Енді қайтіп өмір сүремін»: Алматы облысында ағайындар араздасып, бір адам өлді

Қаңтар 22, 2020
Қылмыс, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Оқиға
«Жалғыз талым еді. Енді қайтіп өмір сүремін»: Алматы облысында ағайындар араздасып, бір адам өлді
Поделиться на Facebook

Алматы облысында ағайындар арасындағы төбелес атысқа ұласып, бір адам қаза тапты. Бұрыннан араздығы бар туыстар бір-біріне аңшы мылтығын кезеніп, пышақ ала жүгірген. Қанды қырғында тағы төрт адам ауыр жараланып, ауруханада жатыр. Үш жігіт қамауға алынды. Адам өлімімен аяқталған ерегісте Панфилов ауданы Көктал ауылы әкімінің орынбасарының да аты аталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

«Ауылдастар атысты» деген хабар елге тез тарады. Ал бір-біріне қару кезенген Жаркент іргесіндегі Көктал ауылының жігіттері. Қанды қырғында бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға түскен. Жарақаттарын көріп, дәрігерлер жаға ұстап отыр. Айтуларынша, екіге бөлініп ерегіскен топ бір-бірін аямаған.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

«Бүйрегі мен көкбауырынан, ішегінен, омыртқасынан жарақат алған.  Пытыра ғой», – деді хирург Марат Әбубакиров.

Оқ тиген бір науқастың жағдайы ауыр. Қалған үшеуінің өкпесіне, ішек құрылысына бір емес, бірнеше жерден пышақ сұғылыпты. Зардап шеккендердің бірі – Гүлнәр Баекееваның күйеуі. Келіншектің айтуынша, қанды қырғынды ауыл әкімінің орынбасары қасақана ұйымдастырған.

«Қадырбаев деген Көктал ауылының әкім орынбасары  бауырымның жағын сындырды. Сол үшін мен арызданғаным рас. Сол кезде маған айтқан: «Егер арызыңды алмасаң, бауырыңды немесе өзіңді өлтіреміз» деген. Бір сөзге келместен, көліктен түскен төрт баланы бірдей ата бастаған. Жазықбеков Ербол, Асылбек, Ердос деген бар, олардан бір бала емес, жалпы 30 бала болып барған. Төртеуіне 30 бала жабылған», – деді күдіктілердің туысы Гүлнар Баекеева.

Бірақ полиция мәліметі бұған мүлде кереғар.

«Атыс туыстар арасында болған», – дейді аудандық полиция бастығы.

Ал төбелес болған жерге қаруды басқа емес, келіншектің ағалары алып келген екен.

«Бұл жерде мылтық Баекеевтер тарапынан алынды, үш мылтық та.  Мойындап, бүгін жауап алынған. Бәрі қылмыстық іске біріктірілген, айғақ зат ретінде. Тергеу амалдары жүргізілуде, жалпы адам саны 15 адамдай», – деді Панфилов аудандық ПБ бастығы Арнай Әбдірахманов.

Тергеу мәліметінен белгілі болғандай, ауылдастар арасындағы жаппай атысқа бұл таспа себеп болған.

– Қатыны ұрып-соғады, қатыны кетіп қалса, қатынның орнына қатын боласың, бала-шағаға қара, мен таксимен жолаушы тасып келемін деп, үйіне от жағасың, бала-шағасына қарайсың деген. Әрі өткен, бері өткен, балалар көреді, күледі.

Ұсталған күдіктілердің бірі қарызын төлей алмаған өз сыныптасын бір жыл бойы жұмысқа тегін жегіпті. Бала-шағасының киімін жуғызып, үйін жинатқан. Содан жәбір көрген жігітке ауылдың басқа жігіттері араша түскен көрінеді. Мәліметтерге қарағанда, ерегіс осы жерден басталған. Ауыл спортзалының маңындағы алаңқайда. Бір топ-жігіттің өзара жиналып, ерегісіп, айқайласқанын ауыл адамдары көрген. Бірақ өкіншіке қарай, ешкім сақшыларды шақырмапты.

– Жалғыз тал балам ғой, жалғыз тал! Енді мен қайтіп өмір сүремін?! Сол жалғызымның артында аңырап, жылап қалып отырмыз, мінеки.

Ал атыста қаза тапқан – Теміртас Баекеев. Жігіттің бес жеріне оқ тиген. Қайғыдан қан жұтқан ата-ана оның өліміне басқа емес, қазір қамауда отырған өз туыстарын кінәлады.

Совет Жұмабаев, марқұмның әкесі: – Аналар айуан, бүкіл халық біледі, айуан екенін. Білмей қалдым  мен… Алып, шығып кеткен солар, бауырымның балалары. Бес жасынан қалған олар, содан тәрбие, ештеңе көрмеген.

– Істі болған, бүкіл халық біледі оларды. Бәрі істі болған.

Небәрі 27 жастағы жігіттің артында бес жасар қызы мен төрт айлық сәбиі қалды. Қазір аталмыш қылмысқа қатысты үш адам қамауда отыр. Қалған 8 адам куәгер ретінде іске тартылған. Үш бірдей аңшы мылтығы мен екі пышақ айғақ зат ретінде тіркелді.

Бөлісу46ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Жыныс мүшесіне массаж жасататын»: Қызы туған әкесінен көрген қорлығы туралы

Келесі жаңалық

Қызылордада көпбалалы ана бұрынғы күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
798
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
761
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
889
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
58
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
361
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Қызылордада көпбалалы ана бұрынғы күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

Қызылордада көпбалалы ана бұрынғы күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
854
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k
Өскеменде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді еденге лақтырған (видео)
Басты жаңалықтар

Өскеменде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді еденге лақтырған (видео)

Наурыз 4, 2021
116
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
889

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
798

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
761

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
889

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
131

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
58
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.