Марқұм қыздың ата-анасы оны 50 жастағы Омбы қаласының тұрғынына тұрмысқа бермек болған. Алайда жасөспірім бұл шешімге қарсы болып, өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық тергеу органдары «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Көз жұмған оқушы езидтер отбасынан болған. Бұл халықтың дәстүріне сай қыздар 16 жасында тұрмысқа шығады. Бойжеткеннің ата-анасы бір-екі күн бұрын Омбы қаласына барып, 50 жастағы күйеу жігітпен сөйлескен.
БАҚ мәліметіне сәйкес, марқұм 9-сыныпқа дейін жақсы оқыған, бірақ тұрмысқа шығатын болғандықтан оқуын тастауға тура келіпті. Дәл қазір құқық қорғау органдары бұл ақпаратты тексеріп, мән-жайды анықтап жатыр.