Жексенбі, Қаңтар 24, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Оқиға Қылмыс

«Бүйрегін алып тастады»: Ақтау тұрғыны полицейлерден қорлық көргенін айтты

Қаңтар 11, 2020
Қылмыс, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Оқиға
«Бүйрегін алып тастады»: Ақтау тұрғыны полицейлерден қорлық көргенін айтты
Поделиться на Facebook

Ақтау тұрғыны полицейлер тарапынан жәбір көрдім деп отыр. Сөзінше, тәртіп сақшылары ер азаматты аяусыз ұрған, салдарынан оның бүйрегі жұмыс істемей қалған. Бұған қоса 20 жастағы жігіт полицейлердің 300 бас қой ұрланған қылмысты маған іле салғыс келді дейді. Ақыры қорлыққа шыдамай ол қылмысты өз мойнына алуға мәжбүр болған. Ал қазір болса өзінің кінәлі еместігін дәлелдегісі келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Осыдан екі апта бұрын ғана Ерасыл Қарашолақов өзінің мектептегі ұстазын құттықтамақшы болып барған. Жігіттің бұл әрекеті немен аяқталатынын үш ұйықтаса да түсіне кірмеген көрінеді. Мүгедек болып қалдым деп қамыққан азамат полицейлердің қолынан түсіп, олардың тарапынан бірнеше рет соққының астында қалған. Тәртіп сақшылары оған 280 бас қой ұрланған қылмысты іле салмақшы болыпты. Өзінің кінәлі еместігін айтып ақталған жігітке сенбей полицейлер оны көк ала қойдай етіп сабапты.

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

«Маған 280 бас қойды ұрлағанынды мойында деп тепкінің астында алды. Ұрып жатыр, ұрып жатыр бір кезде тұра алмай қалдым. Бүйрек тұсымнан бірнеше соққы алдым. Өліп қаламын деп қорыққандықтан кінәні өз мойныма ала салдым. Абақтыда мені сабап жатқандары түскен видео да бар, ұрып біткен соң, мені дәлізге лақтырып тастады. Сонда біраз уақыт бойы жаттым», – дейді күдіктіден жәбірленушіге айналған Ерасыл Қарашолақов.

Ерасылдың анасы полицейлер баласының бүйрегінен тепкен соң, істемей қалды деп шырылдайды. Соның кесірінен бүйрегіне ота жасалып, алынып тасталыпты. Мұны дәлелдейтін құжаттар да бар екен. Бұған қоса қамыққан ана сақшылардың баласын бостандыққа шығу үшін қанша ақша талап еткендігін де айтып берді.

«Тергеуші, нан ұстап, Құран ұстап ант етейін, 5,5 миллион теңге талап етті. Ақша әкеп берген соң көре жатармыз деп жауап қайырды», – дейді Ерасылдың анасы Гүлнәр Трапбекова.

Өзінің ұрлыққа қатысы барын Ерасыл о бастан жоққа шығарған. Оның қорғаушысы 280 қойды жігіттің жалғыз өзі ұрлап кетуі миға қонымсыз нәрсе екендігін жеткізді. Бұл іс арнайы дайындалып, бірнеше адам болып бірігіп атқарылатын нәрсе дейді ол.

«Қойлары жоғалған адамдар ұрлықшылардың артынан қудық деп отыр. Ұрлықшылар «Нива» автокөлігімен қашыпты-мыс. Ал қуғыншылардың астында «Джип» маркалы көліктер болыпты. Қалай жете алмай қалған десеңізші», – деп мәлімдеді адвокат Қаршыға Көшкінов.

Қазіргі уақытта полицейлер шынымен де өздерінің қызметін асыра пайдаланғаны анықталып жатқан көрінеді.

«Қарашолақовтың дене жарақаттарын алғаны жайлы іс тіркеліп, тәртіп сақшыларының әрекеті тексерілуде», – деді Маңғыстау облысы ПД-нің баспасөз-хатшысы.

Ерасылдың қорғаушысының сөзінше, алғашында дәрігерлер жәбірленушінің дене жарақаттарын тексеріп, анықтай алмапты. Ал келесі күн 20 жастағы жігіт ауыр отадан бірақ шыққан. Дегенмен ақтаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс тоқтатылмапты. Ол 5-10 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.

Бөлісу22ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

12 жастағы бала тұрмыстық техника жөндеп, әкесінің еміне ақша жинап жатыр

Келесі жаңалық

"Ерлі-зайыпты сияқты өмір сүрді ғой": Танымал актер Мәдина Ералиева мен Болат Назарбаев туралы

ҰқсасЖаңалықтар

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
370
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
23
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
12
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
462
Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті
Әлем

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
179
Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Әлем

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
17
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Ерлі-зайыпты сияқты өмір сүрді ғой»: Танымал актер Мәдина Ералиева мен Болат Назарбаев туралы

"Ерлі-зайыпты сияқты өмір сүрді ғой": Танымал актер Мәдина Ералиева мен Болат Назарбаев туралы

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
462
Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
370
Гивтен бір күнде 18 млн. Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас Instagram-нан қанша табыс табады
Басты жаңалықтар

Гивтен бір күнде 18 млн. Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас Instagram-нан қанша табыс табады

Қаңтар 23, 2021
362
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.5k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
370

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
23

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
12

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
462

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
179

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
17
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.