Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр BekAir әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырау себептерін анықтау бойынша үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамын жария етті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Комиссия апаттың мән-жайын талдай келе 4 нұсқа барына тоқталды. Біріншіден, ұшаққа коммерциялық жүктің тиелуіндегі және ұшақтың тепе-теңдігін анықтаудағы бұзушылық. Екіншіден, келеңсіз ауа райы сияқты сыртқы ықпал, үшіншіден, пилоттаудағы экипаждың қателігі, сондай-ақ, төртіншісі авиациялық техниканың істен шығу», – деді ол.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бет алған Бекэйр компаниясының ұшағы радардан жоғалып кеткен еді.