Рейнар Синагу есімді азамат 48 ер адамды 136 рет зорлап, Британияда рекорд орнатты. Ал тәртіп сақшылары оның 190 адамды зорлағанына сенімді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Индонезия елінің тумасы Лидс университетінің аспиранты болған. Ол ер азаматтарды үйіне шақырып, ішімдіктеріне есірткі қосып берген. Артынша олармен жыныстық қатынасқа түскен сәтін видеоға түсірген. Ал ер азаматтар оянған кезде өзіне не болғанын түсіне алмай қиналған.
Рейнар Синагу 2017 жылдың жаз айында ұсталды. Ер адамдардың бірі оянып кетіп, полиция шақырған. Судьяның айтуынша, ол сотта қайта-қайта күле берген. Ал полицейлер оның құрбаны 190 адам екеніне дәлелдері барын айтады.