Сенбі, Сәуір 17, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Bek Air басшысы: Өзім түрмеге отырсам да, қоластымдағыларды жығып бермеймін

Қаңтар 5, 2020
Төтенше оқиғалар, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Оқиға
Bek Air басшысы: Өзім түрмеге отырсам да, қоластымдағыларды жығып бермеймін

Сурет: © Sputnik / Тимур Батыршин

Поделиться на Facebook

«Bek Air» әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов блогер Дмитрий Дубовицкийге берген сұхбатында Алматы түбіндегі ұшақ апатының себебін түсіндірді. Сондай-ақ, қайғылы оқиға үшін жауап беруге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

Компания басшысының айтуынша, ұшақтың техникалық жағдайы жақсы болған. Себебі әуе кемесі қоршауды бұзған кезде екі қозғалтқышы да істеп тұрған. Ұшқыш та қателік жібермеген. Өйткені ол ұшақты аудармай, шассисіз жерге қондыра білді. Ал апаттың негізгі себебі ілеспе ауа ағыны болуы әбден мүмкін. Оны «құйынды із» деп атайды.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Ұшақтар бірінен соң бірі әуеге көтерілгенде алдыңғысы өзінен кейін қатты айналып тұратын ауаның ізін қалдырады. Оған түскен кейінгі ұшақ тербеліп-шайқалып, басқаруға бағынбай кетеді. Сол күні Fokker 100-дің алдында Airbus 321 ұшқан көрінеді. Екеуінің арасында 1 минут уақыт болған. Бірақ диспетчер тағы бір минуттай күтіп, Fokker 100-ге ұшуға рұқсат беріпті.

«Далада жел тұрса, «құйынды ізді» жылдам алып кетеді. Бірақ ол күні ауа-райы желсіз болды. Желдің жылдамдығын өлшеуге болғанмен, әлгі айналып тұрған ауаның жылдамдығын өлшеу мүмкін емес, көзге де көрінбейді. Диспетчер уақыт аралығын сәл ұзартса да, құйынды із сейіліп үлгермеген. Ұшақтың біресе оң жаққа, біресе сол жаққа тербеліп-шайқалып кеткені де содан», – дейді Жұмасұлтанов.

Оның сөзіне қарағанда, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы да құйынды із мәселесін көптен бері көтеріп жүр. Осыған байланысты АҚШ, Ресей мен Еуроодақты осы проблеманы жан-жақты зерттеуге үндеп келеді. Себебі оларда техникалық мүмкіндік бар.

«Мысалы, 2001 жылы 12 қарашада Airbus ұшағы Japan Airlines компаниясына тиесілі Boeing 747 құйынды ізіне түсіп қалған. Ұшақты ары-бері лақтырған, ақыры стабилизаторы жұлынып кетеді. Ол да апатқа ұшырады. Ондай мысалдар көп. Бүгінде Швейцария ұшақтардың интервалын ұлғайтты. Бізге де солай істеу керек», – деп атап көрсетті Жұмасұлтанов.

Компания басшысы апаттың хронологиясын да айтып берді. Оның мәліметінше, 10 метрлік биіктікке көтерілгенде тербеле бастаған. Ұшқыш тепе-теңдікті ұстап қалуға тырысқан. Ол кезде шассиді инструкция бойынша кіргізіп қойған. Тербеліп келе жатқанда ұшақтың бір қанаты жерге тиген. Видеода алыстан оттың шыққаны да содан. Ал ұшқыш әуеге көтеріле алмайтынын түсінгенде шассисіз қондыруға шешім қабылдаған. Содан әуежайдың қоршауын бұзған. Тағы 40-50 метр болғанда тоқтайтын еді. Бірақ қоршауға жақын тұрған үйге соғылды.

Жұмасұлтанов әуежайға жақын жер учаскелерінің қалай таратылғанын да айтып берді. Ал сөз соңында ұшақ апаты үшін өз басымен жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.

«Ұшқыш өзіне жүктелген міндетті орындай білді. Компанияны кінәлі деп тапса, мен өз жігіттерімді жығып бермеймін. Олар үшін өзім отырып келемін, менің қарамағымдағы адамдардың ішінде біреуі де түрмеге отырмайды. Қаза болған ұшқышты да кінәлай алмаймыз. Себебі ол ұшақты басқара білді. Оның басшыларын, ұшу мен инженерлік қызмет бар, оларды да жығып бере алмаймын. Bek Air-ден біреу жауап беруі керек деген мәселе туындаса, өзім жауап беремін, кінәні мойындауға дейін барамын. Мен түрмеге отыруға дайынмын», – дейді Жұмасұлтанов.

Алматы түбіндегі ұшақ апаты

Ұшақ апаты 27 желтоқсан таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазір 46 пациент ауруханада, оның тоғызы – бала. Денсаулық сақтау минстрлігі балалардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты. Тоғыз адамның жағдайы әлі ауыр.

Ішкі істер министрлігі әуе апатына себеп болған үш жағдайды атады. Олар: экипаж қателігі, техникалық ақау және навигациялық қызмет жұмысы.

Ұшақтың қара жәшігі Мәскеудегі мемлекетаралық авиация комитетіне тапсырылды. Тергеудің алдын ала қорытындысы 10 қаңтарға дейін жарияланбақ.

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бөлісу76ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Әрбір екінші адам 10 минут сайын телефонға қарайды — ғалымдар

Келесі жаңалық

Алматыда ағайындылар 3 баланың анасын соққыға жығып, зорлап тастамақ болды

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
891
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
849
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
999
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
391
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Оқушы қызды сыныптасы мектеп дәлізінде жарты сағат бойы зорлады

Алматыда ағайындылар 3 баланың анасын соққыға жығып, зорлап тастамақ болды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
999
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
891
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
849

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
134

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.