Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайының директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы Күлімхан Төлендиева дүние салды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Күлімхан Жүндібайқызы 80 жастан асқан шағында қайтыс болды. Ол Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында туған.
«Күлімхан Төлендиеваның денесін 7 қаңтар күні Алматы облысы Қырғауылды ауылына жер қойнауына тапсырады», – деді мәдениет басқармасындағылар.
Күлімхан Төлендиева өзінің еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі болып бастаған. 2006 жылы ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып жұмыс жасады. Сондай-ақ ол ҚР президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болған.
2008 жылдан бері Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарған.